Жоспар. Кіріспе. Қазақстан-бейбітшілік пен рухани келісім мәдениетінің қасиетті қара шаңырағы. Зерттеу бөлім


«Этносаралық келісім-ол өміршеідік оттегісі»



бет3/7
Дата18.12.2023
өлшемі363,18 Kb.
#140503
1   2   3   4   5   6   7
«Этносаралық келісім-ол өміршеідік оттегісі»
Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе.
Толеранттылық — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. 
Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “…берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады. Ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген. Сонау күндері елінен еріксіз және ерікті түрде қуылғандар мен қашқындардың да нәсіліне қарамай, бір үзім нанын бөліп беріп, бір жастықты жастанған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. Қазақ халқы тарихтың жазуыменен елімізге кіріккен көптеген ұлттарға бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің байтақ даламызда өсіп, өркендеуіне жол ашты. Толеранттылықтың басты мақсыты еліміздегі Этносаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті нығайту ары қарай дамыту,сақтау болып табылады. Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе – толеранттылық болып табылады. Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты. Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.
-1-
Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр.
Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.
Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.Мәселен Қазақстан Республикасы Толерантты мемлекет.Қазақстанда Толеранттылықты реттейтін көптеген ұғымдар бар.Қазақстанды неліктен Толерантты дейміз?Себебі Қазақ жері 130 дан астам ұлт өкіліне бай бірден бір мемлекет.Осы халықтын барлығы да Қазақ жерінде бір бірімен тату әрәі бейбітшілікте өмір сүруде.Оған бір де бін себеп Қазақ халқының басқа ұлт өкілдеріне сыластықпе, толеранттылық көзқараспен қарауы.Осы секілді этносаралық мәселелерді дамытып халықаралық келісімді нығайтуға көмек беретін Қазақсан Халық Ассамблеясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет