Жоспар: Кіріспе Ғылымның жіктелуі Ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері Ғылыми зерттеудің құрылымы және сатылары Қорытынды Пайдаланған әдебиет Ғылымның қоғамдағы рөлі Кіріспе



бет1/3
Дата02.11.2022
өлшемі7,9 Mb.
#46953
  1   2   3
Байланысты:
зерттеу түрлері

  • Астана 2022 ж
  • Жоспар:
  • Кіріспе
  • Ғылымның жіктелуі
  • Ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері
  • Ғылыми зерттеудің құрылымы және сатылары
  • Қорытынды
  • Пайдаланған әдебиет
  • Ғылымның қоғамдағы рөлі
  • Кіріспе:
  • Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
  • Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
  • Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
  • Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.
  • Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
  • Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
  • Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
  • XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.
  • Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.
  • Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи дене мен құбылысының бағытталған өзгерісі туралы, құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау әдістері туралы білімнің ерекше жүйесі.
  • Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым әр түрлі түрлерге жіктеледі.
  • Жер туралы ғылым (геология, мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау, ұңғыманы бұрғылау мен игеру технологиясы, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану, қазба байлықтардың теңіз кеніштерінде игеру технологисы, мұнай газ құбырының пайдалануы мен құрылысы, т.б.)
  • Ғылым салалары:
  • Химиялық ғылым
  • Физико-математикалық ғылым
  • Биологиялық ғылым
  • Заңды ғылым
  • Медициналық ғылым
  • Ветеринарлық ғылым
  • Психологиялық ғылым
  • Саяси ғылым
  • Архитектура
  • Мәдениеттану
  • Социологиялық ғылым
  • Өнертану
  • Фармацевттік ғылым
  • Педогогикалық ғылым
  • Философиялық ғылым
  • Ауылшаруашылық ғылым
  • Техникалық ғылым
  • Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:
  • 1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
  • 2) қаржыландыру көздеріне байланысты
  • 3) мақсатына байланысты
  • 4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
  • 5) зерттеу ұзақтығына байланысты
  • Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі:
  • жаңа технологиялық үрдістер,
  • машиналар,
  • құрылыстар,
  • өндірістің тиімділігінің артуы,
  • еңбек шартының жақсаруы,
  • жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.
  • Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
  • 1) бастамалы
  • 2) қолданбалы
  • 3) өндірулер
  • Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
  • Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
  • Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
  • 1) іздеу
  • 2) ғылыми зерттеу
  • 3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
  • Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
  • Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет