Бұл жұмысының өзектілігі. Қазақ халқын надандық түнегінен шығару үшін оның негізгі, тура жолы білімде екендігін дәлелдеген - ұлы данышпан Ахмет Байтұрсыновтың ақыл сөзін, асыл ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, өнегелі өмірін жастарға үлгі етіп ұсынып, кемеңгерлік, даналық пікірлерін тәрбиенің қуатты құралына айналдыру. Артында бықсыған күл емес, мәңгі өшпес жалын, от қалдырған, «қазағым» деп халқымыздың болашағына бар өмірін арнаған арыстай азаматымыздың өмірін келер ұрпаққа дәріптеп, өмірін үлгі тұту. Себебі, А.Байтұрсыновтай ірі, кесек тұлға тарихымызда көп емес, санаулы-ақ қана. А.Байтұрсынов өмірі мен қызметі асыра мақтау, жалған бояуға зәру емес.
1. А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері 1.1А.Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым.
Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетiмiз бен ғылымымызға қалтқысыз берiле қызмет сiңiрген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң – күрделi тұлға, зерделi ғалым.
Күрделi болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең бiлiп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы.
Кең құлашты, ұлан-асыр терең ойлы ғалым – халық ұлы өмiрдiң қай саласында да өз пiкiр-толғамын, бағдар-бағытын бiлдiрiп келедi. Осыншама санқырлы қызметiн жазған еңбектерi арқылы жалпылама тiзбелеп жеткiзуге болар, бiрақ шағын мақалада саралап айта алмасымыз анық. Дегенмен де мәдениетiмiзге орасан еңбек сiңiрген адам ер жасы елуге келiп отырған шағында, бiз оның қазақ әдебиетi мен халық ағарту iстерi саласындағы қайталанбас қызметiн атап өтуге өзiмiздi парыздармыз деп санаймыз.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының әлеументтiк өмiрi мен мәдениетiнде Қазан революциясына дейiн де, одан кейiн де аянбай адал қызмет еткен iрi қайраткер, үлкен талант иесi, тарихта орны айрықша зор тұлға. М.Әуезовтың сөзiмен айтқанда, қазақ халқының «рухани көсемi» болған А.Байтұрсыновтың ұлағайыр еңбегi сан саладан көрiнедi.
Ол – ең алдымен қазақ балаларының ана тiлiнде саутын ашып, анры қарай қазақ тiлiнде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстiнде ол қазақ тiлiн, оның дыбыстық жүйесi мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап танытқан зерттеушi, әрi сол зерттушiнiң негiзiнде «Әлiппе» мен тұнғыш ана тiлi оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар А.Байтұрсынов – өз халқының саяси, мәдени, рухани және әлеументтiк өмiрiнiң сан-саласына көз тiгiп, тiкелей араласқан iрi публицист, қоғам қайраткерi А.Байтұрсынов – өнер иесi – ақын; қазақтың тiлiн емес, әдебиетiн де мәдениетiн де зерттеушi ғалым. Сондықтан А.Байтұрсынов қалдырған мұра да әр тектес. Олар көркем дүние – өлең жинақтары «Маса» мен «Қырық мысал»; әдебиеттану саласынан жазылған ғылыми еңбек «Әдебиет танытқыш», қазақ тiлiн оқыту үйретуге арналған оқулықтар мен хрестоматиялар, оқыту әдiсiне арналған методикалық құралдар; оқу – ағарту проблемасын сөз ететiн мақалалар, графика мен терминология мәселелерiн әңгiмелейтiн мақалалар мен баяндамалар… Демек, А.Байтұрсыновтың бұл бай мұрасын бiр тектi басылын етiп ұсыну мүмкiн емес.
А. Байтұрсыновтың – алған бiлiмi, мамандығы жағынан професионал лингвист емес едi. Оны тiл бiлiмiне алып келген, оқу – ағарту iсiн жолға қою, халықты жаппай сауаттандырып көзiн ашу. Сол арқылы қазақ халқын ұлттық тенсiздiктен құтқару мақсаты болатын.
Осы бай мұраларының iшiнде көлемi жағынан да, көздеген мақсаты жағынан да молы – тiл мен оқу – ағартушыға қатысты мұралары. Әзiрге жинаған мәлiметтерге қарағанда А.Байтұрсыновтың өз қолынан 15-16 кiтап жарық көрген болса, солардың 11-12-сi тiл мен методикаға қатысты екен. 1910 жылдан бастап А.Байтұрсынов қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейiн өзге түркi халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған арап таңбалары таза сол күйiнде қазақ тiлi үшiн қолайлы емес екендiгiн бiлiп, оны қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесiне икемдеп, қайта түзудi қолға алады. Ол үшiналдымен қазақ тiлiнiң фонетикалық құрамын зерттеуге кiрiседi.
1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тiлiнде) өмiрбаянында «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетiмен бiлiмiмдi толықтырдым, әдебиетпен шқғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейiн ең алдымен қазақ тiлiнiңдыбыстық жүйесi мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кiрiстiм. Одан кейiн қазақ алфавитiн және емлесiн ретке салып, жеңiлдету жолында жұмыс iстедiм. Үшiншiден, қазақ жазба жұмысын бөгде тiлдiк қажетсiз сөздерден арылтуға, синтаксистiк құрылысын өзге тiлдердiң (жағымсыз) әсерiнен тазартуға әрекеттендiм. Төртiншiден қазақ прозасын (яғни iс қағаздар тiлiн, публицистика мен ғылыми тiлiн) жасанды кiтаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжiрибесiне икемдеу үшiн, ғылыми терминдердi жасауға кiрiстiм және стильдiк өндеу үлгiлерiн көрсетумен шұғылдандым» деп жазады
Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi мен оны таңбалайтын әрiптер тунралы пiкiрлерiн ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетiнiң беттерiнде бiлдiре бастайды. «Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмiрлерiнде «Шаћзаман мырзаға» атты көлемдi мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын бiлдiрмейтiн, араб тiлiне ғана тән таңбаларын қазақ алфавитiне еңгiзу керектiгiн, сөздiң тұтас жiңiшкелiгiн бiлдiру үшiн оның алдына дәйекше дейтiн таңба қажеттiгiн дәлелдейдi.
Әрi қарайғы iзденiстерiнде араб графикасын қазақ жазуы үшiн былайша лайықтап ашуды ұсынады: 1) араб алфавитiндегi жуан дыбыстарының таңбаларын алмау, 2) қазақ тiлiндегi ы, е, и, о, ұ, у, дыбыстарының әр қайсысына таңба белгiлеу, 3) к, г, дыбыстарынан юасқа дауыссыз дауыссыз дыбыстармен келген сөздердiң жiңiшкелiгiн (яғни қазiргi ә, е, i, ү, дыбыстармен айтылатындығын) бiлдiру үшiн сөздiң алдынан дәйекше таңба қою. Бұлайша тiзiлген алфавиттiң сауат ашудың дыбыс жүйелi әдiсiне сай келетiндiгi байқалады.
А.Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тiлiне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсiресе мұғалiмдер қауымы ешбiр талассыз қабылдады, себебi А.Байтұрсыновтың реформасы қазақ тiлiнiң табиғатына сүйенiп, ғылыми негiзде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы алфавиттi негiзге алған жаңа жазуы (ол «Жаңа емле» деп аталады) iс жүзiнде қолданыла бастады. 1915 жылдың бiр өзiнде осыемлемен (жазумен) 15 – тей қазақ кiтабыбасылып шығыпты және бұл жазуды 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселерi мен орыс – қазақ мектептерi қолдана бастапты.
«Жаңа емленi» А.Байтұрсынов әрi қарай да қырнай түседi, полиграфия жағынан қолайлы, қолайсыз жерлерiн, оқыту процессi кезiндеге тиiмдi, тиiмсiз жақтарын салмақтайды. Сөйтiп, араб әрiптерi негiзiнде лайықтап жасалған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-де басталған Қырғыз (қазақ) бiлiмпаздарының тұңғыш съезiнде талқыланады.бұл съездiң күн тәртiбiнде 6 мәселе қаралады:
жазу ережелерi (орфография мәселелерi)
әлiпби (алфавит)
қазақша пән сөздер (терминология)
ауыз әдебиетiн жою шаралары
оқу, ғылым кiтаптарын көбейту шаралары
бастауыш мектептердiң бағдарламасы.
Съездiң маусым айының 15 жұлдызындағы мәжiлiсiнде А.Байтұрсынов «Әлiпби тақырыптары» деген атпен баяндама жасайды. Ол түркi халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендiгiн, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес екендiгiн осында дәлелдейдi. Ол қазақ халқы қолданып отырған, өңделген (реформаланған) араб алфавитiнiң оң сипаттарын көрсетедi де, араб алфавитiн тастау қайткенде де қажет болса, латынға емес, тiлiн қоса үйренiп жатқан, тағдырлас орыс халқы қолданып отырған жазу қолайлы емес пе деген ой ұшқынын бередi.
А.Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын таңбасын алуды қостаған Н.Төреқұловтың баяндамасын талқылап, сарапқа салып қараған соң съезд «А.Байтұрсынов реформалаған және баспа түрiнiң де вариантын ұсынған араб жазуы негiзiндегi қазақ алфавитiң қабылдау керек» деген қаулы ұсынды.
Сөйтiп, А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезiнде қазақ мдени дүниесiнде үлкен роль атқаратын, қалың көпшiлiктi жаппай сауаттандыру iсiнде, жазба дүниелердiң дамуына, баспа жұмысының жандануына игiлiктi қызмет еткен, прогрессивтiк құбылыс болды. А.Байтұрсыновтың бұл тәжiрибесiн сол кезде өзге түркi халықтары, өзбектер мен татарлар үлгi етiп, олар да өз жазуларына реформалар жасады.
Ғалым ширек ғасырдай күш жұмсап, терiн төккен бұл еңбегiн 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкiлодақтық Бiрiншi Туркологиялық съезiнде барынша дәлелдеп, араб графикасын латыншаға ауыстырудың не саяси – идеологиялық, не экономикалық тиiмдiлiгi жоқ, араб графикасы мен латын жазуының бiр – бiрiнен артық кемдiгi шамалы керiсiнше, жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздiредi дегендi айтты. Бұл жерде А.Байтұрсыновтың концепциясынан ұлтшылдық, немесе советке қарсылық әрекет iздеу мүлде қисынсыз, араб жазуы арқылы ислам дiнiн уағыздауды да ол көздеген жоқ, өйткенi ол дiн қамқоршысы емес. А.Байтұрсынов бұл съезде айтқан пiкiрiн одан кейiнде 1927 жылы Қызылордада жазу мәселесiне арналған конференциясында қайталап, дәлелдей түседi.
А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тiлiнде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшiн қазақша сауат ашатын әлiппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылды. «Оқу құралы» 1912-1925 жылдар аралығында 7 рет қайта басылып, оқу – ағарту жұмысында ұзағырақ әрi кеңiрек пайдаланды. Кiтап бетiнiң төменгi тұсындағы сiлтемеде хат таныту жолдары көрсетiлiп, сабақ әдiсi қоса берiледi. Барлық әрiптердi өтiп болған соң, танымдық материалдар ұсынылады. Мысалы, «Туысқан – туған iлiктес» деген тақырыпта ата, баба, ана, әже, шеше, аға, iнi … деген сөздер берiледi. Сол сияқты киiмдердiң, ойындар мен ойыншықтардың т.б. атаулары ұсынылады. Және бiр көңiл аударатын жерi – автор балаларға лайық тiлмен жазылған, тәрбиелiк мәнi бар бар жұмбақ – жауаптарды, мақал – мәтелдердi, шағын өлең текстердi бередi.
1912 ж. қазақ балаларын қазақша сауаттандыратын әлiппенi жазғаннан кейiн, көп ұзамай ендi мектепте қазақ тiлiн пән ретiнде үйрететiн оқулық жазуға кiрiседi. «Бiздiң заманымыз – жазу заманы… Сөздiң жүйесiн, қисынын келтiрiп жаза бiлу үшiн қазақ бастауыш мектебiнде басқа бiлiмдермен қатар қазақ тiлiнiң дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерiн де үйрету керек» дегендi өзiне мiндет етiп алады да, сол мiндеттi атқару үшiн «Тiл құрал» деген атпен үш бөлiмнен тұратын оқулық жазуға кiрiседi. «Тiл құрал» яғни, кiтап тiлдiң құралы деген мәнде емес, тiлдiң өзi құрал деген мағынада берiлiп тұр. Сондықтан «Тiл - құрал» деп арасына сызықша қойылып жазылады. Бұл құралдың фонетикаға арналған I бөлiмi алғаш рет 1915 жылы жарық көрдi. Әрi қарай жөнделiп, толықтырылып бiрнеше рет басылды. 1927 жылы Қызылордадағы басылымы 7-шi деп көрсетiлген.
Қазақ тiлiнiң морфологиясына арналған II – бөлiмi бұдан 1 жыл бұрын 1914 жылы баспадан шықты. Ол да қырналып, толықтырылып баспадан бiрнеше рет шықты (1927 ж. 6 басылым).
Синтаксиске арналған III – бөлiмi де 1916 жылдан бастап 6 рет басылған.
«Тiл - құрал» тұңғыш оқулық болуымен қатар, бастауыш мектепке, яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкiрттерге арналғанмен, бұл қазақ тiлiнiң фонетикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тiлiнде тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Бұл оқулықтар – «қазақ тiл бiлiмi» атты ғылым саласының ана тiлiмiздегi бастамасы едi. Өйткенi қазақ тiлiнiң дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларын көрсетуде де, сөздердiң септелу, тәуелдену, жiктелу тәртiбiн танытуда да, сөйлем түрлерiн ажыратуда да күнi бүгiнге дейiн А.Байтұрсыновтың атаған оқулықтарының негiзi сақталып келедi.
Ғылымның тiл үйретудегi жасаған еңбегi қолданбалы грамматикамен жалғасады. Бұл жұмысын «Тiл жұмсар» деген атпен екi бөлiмдi кiтап ретiнде 1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарды. Жұмыстың III бөлiмiн де жазуға тиiс болғанмен, сiрә, оны жазып жарыққа шығарып үлгермей, 1929 жылы ұсталып кеткенi байқалады. «Тiл жұмсардың» 35 беттiк I – бөлiмi «сөйлеу, оқу, жазу тiлiн жұмыс тәжiрибесi арқылы танытатын кiтап» деп ұсынған. Текстермен, сұрау – жауаптармен т.б жұмыс жасау көзделген. Ал, екiншi бөлiмiнде бiрiншi бөлiмдегi бiлiмдi тереңдетiп, кеңейтiп бiлдiру ретiнде тапсырмалар берiледi. Осыдан кейiн А.Байтұрсынов сауат аштыру, тiлдi оқыту методикасын жасауды мiндетiне алып, ол үшiн «Баяншыны», «Әлiппе астарын» жазған. Балалардың тiлдерiн ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеп, Т.Ш.Шонановпен бiрiгiп, үлкен хрестоматия (ол да «Оқу құралы») құратырған. Бұл оқулықтар тек оқулықтардың басы емес, қазақ тiлiн ана тiлiмiзде танудың басы болды. «Қазiргi қазақ тiлi» саласының iрге тасы болды.
Тiлдiң әр категориясының классификациясынан бастап, бүкiл терминдерiне дейiн қазiргi мектеп грамматикасынан А.Байтұрсыновтың оқулықтарының iзiн табуға болады.
Қазақ тiлiн талдап, тануда А.Байтұрсыновтың еңбегiн бiр тұрғыдан ерекше атау керек. Ол термин жасаудағы iс әрекетi. Ғалым қазақ тiлi фонетикасы мен грамматикасына қатысты категорияларының әр қаисына қазақша термин ұсынады. Осы күнi қолданып жүрген сөз таптары атаулары (зат есiм, сын есiм сан есiм, т.б.), сөйлем мүшелерi атаулары (бастауыш, баяндауыш, т.б.), сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, тыныс белгiлерi деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердiң басшысы А.Байтұрсынов бұлардың барлығы дерлiк қазақ сөзiнiң, не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту), не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбi жасанды сөздер. Бұлардың өте сәттi жасалғандығын күнi бүгiнге дейiн дейiн қолданылып келе жатқан өмiр шеңдiгi дәлелдейдi.
Ахаң өзiнiң қуатын халықтың зәру мәселелерiне, күнделiктi қажеттiлiгiне арнап, сарп еткен қаламгер. Өлең-мақалалары да, ғылыми да, ғылыми-зерттеу еңбектерi де халық ағарту iсiне бiрден-бiр қажеттi, өнегелi жолдың басы болған дүниелер. қазақ халқы үшiн Ахмет жасаған әдеби дүниенiң көркемдiк-әлеуметтiк таным әлемiнiң әсерi ғаламат. Оның «Маса» мен «қырық мысал» кiтаптары шыққанда халайық қалай қуанышпен қарсы алғаны есiмiзде. [9]
Ахмет Байтұрсынов (1873 - 1938) қазақтың халық педагогикасын жан –жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды.
Қазақ этнопедагогикасының арқауы – ауыз әдебиеті мен халықтың салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтың салт –дәстүрлері – ұлттық тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы тұжырымды ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама – Ахмет Байтұрсынов жан –жақты зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми – теориялық негіздерін жасады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ ауыз әдебиетінің ұлттық - тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Ол 1895 жылы «Торғай газетінің» («Тургайская газета») 24-қыркүйектегі №39 санында «Қазақтың болжамдары мен мақалдары» («Киргизские приметы и пословицы») деген мақала жариялап, онда шаруашылық жайына өнеге – нұсқа ретінде айтылған халық сөздерін (36 болжам) және даналық мақалдарды келтіріп, халықтың данышпандық тұжырымдарын тәлім-тәрбие ісіне пайдалануға ұсынды.
1926 жылы Мәскеуде жарияланған Ахмет Байтұрсыновтың «Жоқтау» деген жинағында қазақ халқының 400 жылдық тарихында дүние салған ұлы адамдардың қайталанбас қасиетті бейнелерін көрсететін, олардың үлгі-өнегелерін баяндайтын жоқтау жырларын ілтифатпен іріктеген ұрпақ тәрбиесіне таптырмайтын тарту ұсынды. Одан бұрын Ахмет Байтұрсынов 1923 жылы Мәскеуде «Ер Сайын» атты қазақтың батырлық жырларын бастырып шығарып, кітаптың алғы сөзінде, түсініктемелерінде батырлық жырлардың тәрбиелік мәнінің зор екенін дәйектеп, дәлелдеді.
Ұлы ғұлама 1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» деген кітабында қазақ әдебиетінің теориялық негіздерін жасаумен қатар қазақ әдебиетінің қызыл арқауы – ауыз әдебиеті екенін дәлелдеп теорияны айқындайтын мысалдарды, негізінен қазақ ауыз әдебиетінен алып көрсетті.
«Әдебиет танытқыш» атты осы оқу құралында Ахмет Байтұрсынов көрнек өнерді (көркемөнер) бес тарауға (сәулет, сымбат, суреттеп көрсету, әуез, сөз - өнерлері) бөліп, содан сөз өнерін (қазақша – асыл сөз, арабша - әдебиет) саралап талдайды да, сөз өнерінің ғылыми тұжырымдарын жасайды: «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол - сөз өнері болады»,/3/ - деді.
Зерделі зерттеуші ауыз әдебиетінің салаларын: ертегі, ертегісымақ (аңыз әңгіме), өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр үміт өлең (мақтау, құрметтеу, құттықтау), толғау, терме салаларына бөліп, әрбір салаға ғылыми тұжырымдама жасады. Мысалы: «Терме деп ат қойылуының мәнісі бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп, сөз қылып өтеді», /3,245-б/ - дейді.
Зерттеуші мысалдарды, ділмәр (шешендік) сөзді, тақпақты, мақалды, мәтелді, ғұрып сөзді (тұрмыс-салт жырларын) талдап, олардың ауыз әдебиетіндегі әсерлі, тәрбиелік мәні зор үрдістер салалары екенін дәлелдеп, тұрмыс-салт жырларындағы: тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата сөздерінің поэзиялық ерекшеліктерін талдап көрсетіп, олардың тәрбиелік әсерлілік қасиеттерін айқындайды.
Ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) ғылым ретінде дамып, қалыптасуы сол ұлтқа білім берумен, яғни оқумен, оқытумен, тәрбиелеумен байланысты деп пайымдаған данышпан Ахмет, ең әуелі халыққа білім беру ісін қолға алып, жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды. Ол үшін, ол өзі оқып, білім алды: 1891 жылы Торғайдағы 2 кластық орыс-қазақ училищесінде оқыды, кейін Орынборға барып, мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітірді. Сөйтіп, 1896-1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық және болыстық мектептерде, 2 кластық училищелерде мұғалім болып, қызмет атқарды.
Халыққа білім беру үшін сол халықтың ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы қажет, әдебиеті мен мәдениетін дамытатын іс-әрекеттер мен саяси әлеуметтік жағдайлары болуы тиіс. Міне, осындай өзекті мәселелерге А.Байтұрсынов ерекше мән беріп, игі істерді алға бастыру үшін кедергілермен аянбай күресті. Ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны іс-әрекетпен жүзеге асыруға басшы болды. «Ол өзі үшін ұлтшыл болған қулардан бөлініп, сол ұлт қамы үшін ерлікпен еңбек етіп күресе білді», /4/ - деп С.Сейфуллин айтқандай: «... байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды» Ахмет ауыл мектептерінде, семинарияларында халыққа білім беру, оны жетірдіру саласында көп ізденді, қажымай қайрат көрсетіп, қиындықтан да тайсалмай қарсы тұрып, қаһарман болды.
Халық қамқоршысы 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген бас мақала жариялап, онда: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалатын өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік», - дейді.
Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Бастауыш мектеп» деген мақаласында автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, халық сауатын ана тілінде ашу мақсатын алға қояды.