Қорытынды
Қорытынды бөлімінде ғұлама ғалым, көрнекті педагог, белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов еңбектеріндегі қоғамдық – педагогикалық көзқарастар мен тәлімдік ой пікірлерді жүйелеп жинақтай келе, мынандай тұжырымдар жасауға толық мүмкіндік туғанын байқадым:
А.Байтұрсынов мұраларын зерттеудің үш кезеңі және оның туу себептері саяси - әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра сараланып дәлелденді;
- Ахмет Байтұрсыновтың жастарды ұлттық болмысқа сай жоғары менталитетті, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеудегі идеялары өзінің ұстазы, Қазақстандағы педагогикалық демократиялық озық ойдың иесі Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеясымен үндестігі негізделді;
- А.Байтұрсыновтың шығармашылығын жан-жақты меңгерту– таптырмас тәрбие құралы екені сараланды;
- Ғалымның өмірі мен шығармашылығын терең меңгертудің оқушыларды елжандылыққа, Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеп жетілдіруде игі ықпал ететіндігі айқындалып дәлелденді.
Менің ойымша ендігі міндет – ақыл ой алыбы А.Байтұрсыновтың асыл сөз, асыл ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, іс қылу; өнегелі өмірін жастарға үлгі етіп ұсынып, кемеңгерлік, даналық пікірлерін тәрбиенің қуатты құралына айналдыру.
... Мақсатқа ойыңа алған жете алмайсың,
Мал шашып құр далаға төккенменен.
Пайдалы істен алар абыройың,
Кетпейді кейін қарай тепкенменен /14,85-б/.
Қорыта келгенде айтарым, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының негізгі идеясы жастарды бүгінгі күнде құрғақ сөз; «таусылмайтын» ақыл-кеңес айта беріп тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың үлгі-өнегесіне, ғибратқа негіздеудің қажеттігін баса айтқан.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Иманбекова Б., Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні. /Ақиқат, 1999. №2., 83-86 бб.
2. Байтұрсынов А. Ақ жол. Шығармалары, өлеңдері, аудармалар, зерттеулер. – А: «Жазушы». 1989. – 320 б.
3. Байтұрсынов А. Ақ жол. – А: «Жалын». 1991. – 461 б.
4. Ерназарова Т. Қазақ публицистика тілінің дамуындағы Байтұрсынұлы кезеңі. – А: «Карат-Принт». 2004., 9-11 бб.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің халық бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған қаулысы. / Егемен Қазақстан, 1997, (2).
6. Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған қаулысы / Егемен Қазақстан, 1998. (2).
7. Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның орындалу барысы тақырыбына өткізілген қалалық ғылыми-практикалық конференция. / Алматы ақшамы. 25 қыркүйек, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |