Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Бұлшықет тіндерінің классификациясы және жалпы морфофункционалдық сипаттамасы



бет2/8
Дата28.03.2023
өлшемі343,33 Kb.
#76968
1   2   3   4   5   6   7   8

Бұлшықет тіндерінің шығу көздері


5 гистогенез-
дік топқа
бөледі
Мезенхималы
Эпидермальді
Нейральді
Целомды
Миотомды
Тегіс салалы бұлшықет тіні
құрамына тиесілі.
Көлденеі жолақты бұлшықет
тіні құрамына тиесілі.

Тегіс салалы бұлшықет тіні


Қан тамырлары мен ішкі
ағзалардың тегіс салалы
бұлшықет тіні
Нейралды жолмен пайда болған
бұлшықет тіні. (Көздің нұрлы
қабығының бұлшықеттері)

Тегіс салалы бұлшықет тіні

Полимерзациялану қасиеті кальций ионының қатысуымен жүзеге асатын, көлденең жолақтары жоқ, бірыңғай, біркелкі орналасқан – миоциттері болады.

Мезенхималық тегіс салалы бұлшықет тіндері: қызметтік құрылымдық бірлігі – миоцит. Тегіс миоцит ұзындығы 20-500 мкм, ені 5-8 мкм жіп тәрізді жасушалар. Ядросы таяқша пішінді, оның орталық бөлімінде орналасады. Миоцит жиырылған кезде пішіні өзгеріп майысып, тіпті бұралып кетеді. Органеллаларының ең көбі – митохондриялар, Гольджи комплексі мен т-ЭПТ аз болғанымен, бос рибосомалары болады. Актин филаменттері көбінесе миоциттердің цитоплазмасында ұзынынан орналасып плазмолеммаға арнайы тығыз денешіктер арқылы байланысады. Миозин мономерлері актинмен қосақтаса орналасады. Цитолемма – көпсанды пиноцитозды көпіршіктер және кавеолалар түзеді. Кавеолаларда Са ионы жинақталады.

Актин миофиламенттері – көлденең орналасқан. Үшөлшемді тор түзеді. Олардың цитолеммаға байланысуы – электронды тығыз денешік секілді көрінеді. Олар L- ақуызынан тұрады. Тығыз денешіктерде винкулин болады. Әрбір миоцит базальді мембранамен қоршалған. Оларда өсінділер болады. Яғни, миоциттер - нексустар арқылы бір-бірімен байланысады. Базальді мембранада көпсанды ретикулярлы фибриллалар бар. Миоциттер митоз жолымен көбею арқылы немесе физиологиялық гипертрофия арқылы қалпына келеді. Дәнекер ұлпасының қабатында қан тамырлары мен жүйкелік аяқтамалар орналасқан. Жүйкелік импульстің әсерінен цитоплазманың поляризациясы жүреді. Кавеоладан Са ионы бөлініп шығады. Са ионының концентрациясы жоғарылағанда актин мен миозин жіпшелерінің жиырылуына әкеледі. Актин және миозин жіпшелері бір-біріне тартыла бастайды. Актин жіпшелері цитолеммаға бекініп, жасуша көлемі қысқарып, кішірейеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет