Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Бұлшықет тіндерінің классификациясы және жалпы морфофункционалдық сипаттамасы



бет6/8
Дата28.03.2023
өлшемі343,33 Kb.
#76968
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 сроп физио

1. Миосимпластта Гольджи аппаратының белсенуіне байланысты мембраналық құрылымдар, плазмолемма қалпына келе бастайды. ЭПТ заттар активтеліп синтезделеді. Бұл заттар саркоплазманың құрылымының қалпына келуі үшін қажет. Соңында миосимпластар ұзарады. Бір-біріне жақындап, ет бүйректері түзіледі. Зақымдалған жерде миосателлитоциттер бөлінеді. Олардың біреуі зақымдалған талшықтарға және ет бүйректеріне қосылады. Басқалары ет талшығын түзеді, олардан миосимпласттар дифференцирленеді.

Бұлшық ет - мүше.

Бұлшық ет тіндерінің арасында борпылдақ талшықты дәнекер тіні – эндомезий жатады. Эндомезий құрамындағы ретикулярлы және коллаген талшықтары сарколемма талшықтарымен қоса өріліп, жиырылу кезінде күштің бірігуіне жағдай жасайды. Әрбір бұлшық ет талшығының ұшында сарколемманың терең қуыстары болады. Коллаген және ретикулярлы талшықтар осы қуыстарға еніп жатады.

Бұлшық ет талшықтарының белгілі бір құрамы жеке жіктерге бөлінеді. Олардың арасында борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жуан қабаттары – перимезий орналасады. Оның құрамында серпімді – эластинді талшықтар болады.

Ал, бұлшықеттердің сыртын тұтас орап тұратын дәнекер тіні қабығы – эпимезий деп аталады.

Васкуляризация

Васкуляризация

Еттегі - артериялар перимезийде тарамдалады. Олардың айналасында тіндердің көқптеген базофильдері орналасады. Капиллярлар эндомезийде орналасады. Ет талшықтарында анастомазданады. Венулалар мен веналар артериоллалар мен артериялар қасында перимезийде орналасады. Осы жерде лимфа тамыры да өтеді.

Иннервациясы

Еттегі жүйкелердің эфферентті және афферентті талшықтары болады. Нерв жасушаларының өсінділері базальді мембрана арқылы өтіп, симпласт плазмолеммасында және аралықтарында тарамдалады. Жүйкелік импульс химиялық заттар – медиаторлар бөліп шығарады. Кез келген ет талшығы гемокапилляр торымен қапталған. Бұл комплекс қаңқа етінің морфофункциональді бірлігін - мионды түзеді.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет тіні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет