Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Бұлшықет тіндерінің классификациясы және жалпы морфофункционалдық сипаттамасы


-ші жасушалардан симпласттар(миотубулалар), бұлардың цитоплазмасында арнайы органеллалары миофибриллалары пайда болатын миосимпластар



бет4/8
Дата28.03.2023
өлшемі343,33 Kb.
#76968
1   2   3   4   5   6   7   8

1-ші жасушалардан симпласттар(миотубулалар), бұлардың цитоплазмасында арнайы органеллалары миофибриллалары пайда болатын миосимпластар.

2-ші жасушалар жеке дифференцияланып миосателиоциттерге айналады. Миосателиттер миосимпласттардың үстінде орналасады.

Қаңқалық бұлшықет тінінің құрылымдық элементтері – ет талшығы. Ол миосимпластан және миосателлилциттерден құралған. Талшықтың сырты сарколеммамен қапталған. Ол базальді мембрана және симпласт плазмалеммасынан тұрады.

Миосимпласт – плазмолеммамен қапталған. Мұнда мембраналық потенциал бар, ол мембрана арқылы Т- түтікшесіне беріледі. Плазмалемма астында сопақша келген көп ядролары болады. Сонымен қатар, Гольджи апараты, агранулярлы ЭПТ, митохондриялары болады. Гранулярлы ЭПТ нашар жетілген. Арнайы органелласы – миофибриллалар. Миофибриллалар миосимпласттың бойында ұзынша созылып орналасқан.

Миофибриллалардың құрылыс қызметін атқаратын бірлігі – саркомер. Саркомер- көлденең жолақты ет талшықтарының құрылыс қызметін атқаратын бірлігі. Әр бір ет талшықтарының бойында жарықты бірдей сындырып, өткізбейтін ашық түсті – изотропты И дискісі, күңгірт түсті – анизатропты А- дискісі болады. Изотропты дискілердің құрамында жіңішке актин миофибриллалары болады. Олар арасында түйіршіксіз ЭПТ түтікше каналдары орналасады. Ет талшықтарының бойында орналасқан көршілес саркомерлер арасында Z-сызығы болады. Бұл сызыққа актинин белогы арқылы – актин филаменттерінің бір ұшы бекінеді, екінші ұшы саркомерлердің ортасына бағытталады. Саркомердің ортасындағы М-сызығы немесе мезофрагмаға миозин филаменттері миомиозин белогының көмегімен бекінеді. Миозиннің екі ұшы актин миофибриллаларына бағытталған.

  • Босаңсу кезінде
  • Жиырылған кезінде

Z- сызығы бойымен сарколемма ойыстанып тік Т- түтікшесін түзеді. Түтік бойымен нерв импульсі өткен кезде түтіктің екі жағында орналасқан түйіршіксіз ЭПТ каналдарынан Са ионы бөлінеді де, актин миозинмен әрекеттеседі.

Z- сызығы бойымен сарколемма ойыстанып тік Т- түтікшесін түзеді. Түтік бойымен нерв импульсі өткен кезде түтіктің екі жағында орналасқан түйіршіксіз ЭПТ каналдарынан Са ионы бөлінеді де, актин миозинмен әрекеттеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет