1.2 Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері
Ауру созылмалы түрде өтеді. Шамалы зақымданғанда клиникалық белгілері білінбейді, ал күшті зақымданғанда клиникалық белгілері эхинококк личинкасының жайылуына жәие зақымдаған органдардағы оның санына байланысты болады. Өкпе зақымданған кезде арықтап, жөтел білінсе, бауыр зақымданғанда қолмен басса ауырсынады, бауырының маңайы үлкейеді, ас қорыту органдары бұзылады, өнімі төмендейді, әбден көтерем болады. Личинкаларды алғанда ішектің сірі астары мен плевриттің қабынып ауырғаны байқалады.
Сақтанудың басты шарасы - малдың өлекселерін мал сойғанда эхинококпен залалданған органдарын итке тастай салмай, өртеп көміп тастау керек.
Паразиттің жұмыртқасы асқазан - ішек трактіне түскеннен соң, олардың сыртқы қабаты ас қорыту сөлінің әсерімен ериді де, босап шыққан онкосфера, өзінің ілгектерінің көмегімен қарынның және ішектің кілегей қабығына өтеді де вена қанымен болмаса лимфа арқылы портальды жүйеге түсіп, бауырға барып тоқтайды және бүйір қуысындағы сұйықтыққа өтіп, кейде ауыр анафилактикалық шок әкелуі де мүмкін. Эхинококкты қалта, ішіндегі сколекстермен бірге, ұрықтық қабықтың үзінділерімен бүйір қуысын зақымдап және өсе бастайды. Бұл екінші эхинококкоз болып табылады. Эхинококкоз патогенезінде негізгі ролді өсіп келе жатқан қалталардың органдар мен ткандерге механикалық әсері орындайды. Сколекстер көп жағдайларда органдардың перифириялық учаскелерінде орналасады да паразиттік кистаның (түйірдің) өсуі, әрине, аз қарсылықты бағытта болады. Паразиттің жақсы өсуіне, қоршаған ткандердің жақсы қан айналым да күшті әсер етеді. Зақымданған орган деформацияға ұшырап, көлемі үлкейген болады.
Эхинококты түйіндер (киста) органның сыртында да ішіне бойлай тереңде орналасуы да мүмкін. Микроскоппен түйінді қарағанда, онда ісініп және жіңішкерген орган ткандерін байқауға болады. Органдардың сыртында орналасқан жағдайда тығыз, қатты фиброзды капсулаға көрінеді. Ол әдетте, айналасындағы ткандермен бірге бітісіп кеткен болады. Капсулада кальций тұздары жиналады. Кейде капсуланың бетін түгел басуы мүмүкін. Ол түйіндер (эхинококты түйіндер) дөңгелек немесе сопақ формада болып диаметрі 1 мм-ден 40 мм-ге дейін болады. Мөлдір сұйықтықпен толтырылған, жылтыр хитин қабығымен қоршалған, сұйықтықта ақ түсті өте майда бөлшектер – сколекстер көрінеді. Егер ішіндегі паразит өлі болса, онда кисталар тұнық емес немесе іріңді, кей жағдайларда іріңді-сүзбелі массаларды байқауға болады. Негізінде эхинококкозбен көп жағдайда (85%) бауыр зақымданады. Онкосфералардың бір бөлігі бауыр капиллярларын жанап өтіп төменгі қуысты вена арқылы кіші қан айналым шеңберімен өкпеге түседі де, сонда орнығып қалады. Аз ғана онкосфералар бөлігі артериалды - веналық анастомозға түсе отырып, үлкен қан айналым шеңберіне түсіп, қалған органға немесе тканге жетуі мүмкін. Тканьдерде онкосфера 5 айдың ішінде балапан (личинка) – эхинококты кистаға айналып, диаметрі 5-20 мм-ге жетеді. Бұдан байқайтынымыз, эхинококтар жануарлар мен адам ткандерінде біршама жай өседі. Эхинококты түйіндердің көлемі ткандердің құрылысына байланысты. Өкпеде олар тез өседі, бауырда жайырақ өседі. Сүйек тканьдерінде эхинококтар өте аз болады.
Эхинококтардың патогенезінде үлкен мәнге ие болатын нәрсе ол – қожайын организмнің паразиттің зат алмасу өнімдеріне сенсибилизациясы. Бұл аллергиялық қайта құруларға алып келеді. Паразиттің зат алмасуының өнімдері қанға сіңетіндіктен, ол организмнің улануына әкеп соғады. Сондықтан да әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі және әрдайым крапивница тәрізді реакциялар береді [1,2,6,7].
Эхинококтардың организмге улы әсері, паразитті жұқтырғаннан кейінгі алғашқы күндерінен-ақ сезіліп, эхинококты қалтаның сұйықтығын организм сіңіре бастайды да – улануға соқтырады.
Эхинококты қалтаның сұйықтығын малдарға енгізгенде, ентігу, температураның көтерілуі, крапивница, тәбеттің төмендеуі, тышқақтық, құсу, жүрек жұмысының әлсіреуі, арықтау, кей кездерде эхинококтық қалтаның жыртылуы мен жойылуы да болуы мүмкін. Инвазиялық қойлардың қанындағы эритроциттер саны азайып, гемоглобин төмендейді де, лейкоцитарлық формулада эозинофигдердің %-ы көбейеді.
1977 ж. К.Аминжановтың көрсеткеніндей, қанның гематологиялық және биологиялық көрсеткіштерінің өзгеруі, қойлардың эхинококкозында жұқтырудың санына, уақытына, паразит балапанының (личинкасы) өсу деңгейі тәуелді болады. Қандағы жалпы белоктың көбеюі, глобулиндердің көбеюі, лейкоциттер мен эозинофилдердің көбеюі, эритроциттердің азаюы, гемоглобиндердің, ферменттердің және А, В1, В2, С витаминдерінің (дәрумендер) азаюы шығарушы капсулалармен сколекстердің дамуының уақытымен дәл келеді. Бірақ та, бұл өзгерістер басқа аурулар да болуы мүмкін. Қойларда эхинококкозда протеинограмма өзгеріске ұшырайды және өте жай болып көп айларға, тіпті 10-11 айдан соң, жұқтырғаннан соң, біршама интенсивтілігі артып отырады. Эхинококты түйірлердің айналасындағы ткандерде атрофиялық өзгерістер байқалып, олар тез өсу есебінен түйірді сығады. Кейбір жағдайларда инфильтраттар пайда болады, олар негізінен эозинофилдерден тұрады. Паренхиматозды органдардағы эхинококтық түйірлердің айналасындағы қабыну өзгерістері цирроздың кіші түрінен үлкен түріне дейін өсіп - жетілуі мүмкін. Эхинококтармен зақымданбаған көрші органдарда паренхиманың қатты қызарғандығын байқауға болады.
Мидың және өкпе эхинококкозында да эхинококтық түйірдің айналасында капсулалар пайда болып, оған жақын жерлердегі тканьдер және ми қыртыстарында инфильтрация, гидроцефалия, тамырдың қабырғасының жуандауы, некрозды өзгерістер, глиоз және олардың деформациялары байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |