Эхинококкозауруының эпизоотологиясы Эхинококкоз дүние жүзінің бірнеше аймақтары мен елдерінде жиі таралған. Австрияда, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, МХР, Еуропаның оңтүстігінде. Бұрынғы КСРО-ның барлық республикаларында, соның ішінде Қазақстан Республикасында да жиі кездеседі.
Шығу және жұғу жолдары. Мал соңғы аралық иелердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға түскен эхинококктың жұмырткасын сумен және азықпен қосып жұтып қою арқылы личинка түріндегі құртпен зақымданады. Жұмыртқадағы ұрықтар ішектің қабырғасына еніп, қан айналысымен бірге барлық органға тарайды да, одан личинкалар пайда болады. Соңғы аралық иелері личинкасы бар органдарды жеп зақымданады. Олардың ішектерінде одан көптеген жынысы өсіп жетілген эхинококктар өсіп-өнеді ( Қосымша Б Эхинококкоздың таралу жолдары).
Инвазияның қоздырғышының көздері – дефинитивтік қожайындар, негізінен олар: иттер, қасқырлар, шибөрілер және түлкілер, олар екінші дәрежеде болады. Иттер эхинококкозбен ауырған эхинококты қалталары бар өлген малдардың өлекселерін жеумен жұғады. Бұл жағдай көбінесе малшылардың иттерінің арасында көптеп кездеседі және де малды союдың, жарып көрудің және жоюдың ветеринарлық ережелері сақталмаған шаруашылықтарда жиі кездеседі. Инвазияға үй малдары да ұшырайды (қой, сиыр, шошқа, бұғы, түйе, ешкі, аттар). Олар негізінен алиментарлы жолмен жұқтырады да орта иелері болады.
Эхинококкоз ауруының патогенезі Аталмыш ауру сүтқоректілер мен адамдарда болады. Мал арасында көбінесе қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа - жиі, ал жылқы сирек шалдығады.
Жетілген таспа құрт - эхинококтар етқоректілердің (ит, қасқыр, шибөрі т.б ) ащы ішектерінде, ал личинкалық түрі - жылауықтар тұяқты жануарлар мен адамның органдарында кездеседі.
Иттің ішегіндегі эхинококтардың жұмыртқаға толы жетілген мүшелері үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады, сыртқы ортада ол жайылымды, суды, аула мен қораны ластайды.
Шөппен, сумен ілесіп жұмыртқалар малдың ас қорыту жүйесіне түседі. Мұнда жұмыртқадан құрт ұрығы босап шығып, қан айналымы арқылы түрлі органдарға тарайды.
Олар көбінесе өкпеде, бауырда өсіп жетіліп, көлемі жағынан әр түрлі жылауықтарға айналады .
Эхинококтың личинкалық сатысы бұршақтан бастап, баланың басындай көлемге дейін жетеді. Ит осы жылауықтарды жегеннен кейін, ішегінде сақа эхинококтар өсіп шығады. Адамдарға оның жұмыртқалары мен залалданған көкөніс пен жемістен немесе иттен жұғады.
Құрттарының өсіп өну кезеңін сақа құрттар —» одан бөлінген жұмыртқалар —» оны жеген малдар —» тізбегі түрінде көрсетуге болады. Тізбек осы ретпен қайталана береді.
Негізінен бауыр мен өкпені, көк бауырды, жүректі, жыныс мүшелерін, миды, көзді, тіпті сүйектерді де зақымдайды.
Адамның немесе малдың ағзасына түскен жылауықтар өсіп, көлемі үлғайған сайын органдар қысыла түседі. Соның салдарынан семуге ұшырайды, органдардың қалыпты қызметі бұзылады, мал арықтап өледі.
Мал ағзаларындағы жылауықтарға қарсы емдеу тәсілі әлі табылған жоқ. Адам ағзасындағы эхинококты тек хирургиялық жолмен емдейді. Соңғы жылдары бұл сырқат жиі кездесуде.