Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім эхинококкоз ауруының қоздырушысы, эпизоотологиясы, патогенезі Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістері Эхинококкоз ауруының диагностикасы


Эхинококкоз ауруын ветеринарлық - санитарлық сараптау



бет6/8
Дата01.06.2023
өлшемі36,96 Kb.
#97683
1   2   3   4   5   6   7   8
Эхинококкоз ауруын ветеринарлық - санитарлық сараптау
Оларды негізінен бауырда, өкпеде, сирек бүйректерде, талақта және т.б. органдарда табуға болады. Жас малдарда көбінесе бауыр зақымданады, ал кәрі малдарда – өкпе мен бауыр, эхинококты қалталар бұл жерде органның үстіңгі бетінде орналасады да, олардың серозды қабығынан шығыңқырап тұрады да, ол органға бұдырлы түр беріп, қошқыл-сұр рең береді. Эхинококкозды қалталар – ақшылдау және сарғыш түсті және шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді немесе бұрыс формалы және жұмсақ немесе қаттылау болып келетін түйіндер.
Органның ішінде орналасқан қалталар, органды қолмен сипағанда білінеді. Б.П. Всеволодовтың пікірінше, интенсивті жұқтырған жағдайда бір органда мыңға жуық эхинококты қалталарды, әр түрлі көлемде, кейде олардың көлемінің немесе салмағының 95%-ын, ал кейде 10 немесе одан көп есе асып түседі. Фиброзды тканнің өсуінен, зақымданатын органдар қаттылау немесе қатты болып кетеді. Қалтаның қабырғасын кескенде немесе тескенде, оның ішінен сұйықтық фонтан (бұрқақ) болып ағады. Қалталар көлемі жағынан кішігірім жаңғақтың, кейде қаздың жұмыртқасындай көлемге жетеді. Көп зақымданған жағдайда, негізінен олар майда болады.
Эхинококкозбен ауырған малдардың ұшасы (туша) өте арық, көтерем болады, сарғыш түсті, қиыршықталған эхинококтарды тілген кезде туберкулездің түйіндеріне ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы, ондағы әк тұздары тез үгітіледі және капсуланың қабырғасы тез бұзылады және лимфа түйіндері өзгермейді.
Эхинококты цисталардың өсуі, сол органның ткандерінің атрофиясына алып келеді (жойылуына), қан тамырларының жойылуы мүмкін. Фиброзды капсуланың ішінде паразит оқшауланатын болғандықтан жиі біраз мөлшерде некрозға және қиыршықтануға алып келеді (Қосымша А Эхинококкозбен зақымданған бауыр). Сарғайып кеткен, көтерем болған, көптеп зақымданған ұшаларды толық жояды. Аз ғана зақымданған ұшаларды, толық тазартудан кейін шексіз пайдалана беруге болады.
Сондай-ақ, аз зақымданған органдарды, толық тазалағаннан кейін пайдалануға жіберіледі, ал көп зақымданған паренхиматозы органдарды толық жойып, оларды инвазияның шығу көзі деп қарап қатаң түрде залалсыздандырады.
Паренхиматозды органдарда эхинококкоздың жылауығы болады. Жылауықта личинкасы дамиды. Бұл таспа құрт Есһіnососcus qгаnulosis, иттердің ащы ішегінде өмір сүреді.
Орта тасымалдаушысы - ірі қара, уақ мал, шошқа және түйе малы.
Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды — соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар. Осы мақсатпен эхинококкозы бар шаруашылықтарда мынадай шараларды іс жүзіне асыру қажет.
Мал отарларындағы күзетші, қызметші, және аңшы иттерді зақымданған органдармен тамақтандыруға болмайды. Ондай органдарды құртады немесе залалсыздандырылады. Өлген малдың өлімтігі дер кезінде жинап алынып, ит жей алмайтын орындарға (мал көметін орындарға, чех апанына т.б.) тасталады.
Бұралқы иттер мен шаруашылыққа қажеті жоқ иттер құртылып, барлық күзетші, қызметші, мал отарларындағы және аңшы итері тіркеуге алынады. Иттерді мал сойылатын жерлерге, мал қораларына және жемшеп сақталатын орындарға жіберуге болмайды. Сондай-ақ бір отардағы иттерді екінші отарға ауыстыруға және отарларға мал дәрігерінің рұқсатынсыз ит әкелуге тиым салынады.
Шаруашылыққа қажетті барлық иттер әлсін-әлсін дегельминтизацияланып отырылады; мал отарларындағы иттер жылына 8 рет (әрбір 45 күн сайын), қалғандары—4 рет (әрбір 3 айдан кейін). Иттерді дегельминтизациялау үшін ареколин қолданылады. Оны нанмен, туралған етпен немесе сүтпен бірге 24 сағат ашықтырғаннан кейін салмағының 1 килограмына 0,002—0,004 г мөлшерінде береді, 10 күннен кейін емді қайталайды. Сондай-ақ иттерді дегельминтизациялау үшін жалпы қабылданған доза бойынша филиксанды, еркек сусамырды, аминоахрихин және карбохолинді қолдануға болады.
Дегельминтизациялағаннан кейін бір күн бойы байлап ұстап, бөлінген нәжісін жинап алып құртады, ал сол төңіректі тегіс зарарсыздандырады. Дегельминтизациялау 8 рет жүргізілген жағдайда бұл шара тек алғашқы дегельминтизациядан соң жүзеге асырылады
Жануарлардың эхинококкозының алдын алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық Ережесі Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің 16.09.2004 жылғы №505 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет Министрлігі 06.10.2004 жылы №3135 тіркелген.
Эхинококкоздың профилактикасы адамды және тұяқты жануарларды эхинококкоз жұмыртқаларымен зақымдалуын немесе оларды жұқтыруынан сақтай отырып, ауруды жұқтырған иттермен, оның жұмыртқаларын таратуын және иттердің осы ауруды жұқтырып ауырған малдардың органдары мен ұшасын жеп қоюдан сақтандыруға байланысты болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет