Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім эхинококкоз ауруының қоздырушысы, эпизоотологиясы, патогенезі Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістері Эхинококкоз ауруының диагностикасы



бет7/8
Дата01.06.2023
өлшемі36,96 Kb.
#97683
1   2   3   4   5   6   7   8
Қорытынды


Қорыта айтқанда, жетілген таспа құрт - эхинококтар етқоректілердің ащы ішектерінде, ал личинкалық түрі - жылауықтар түяқты жануарлар мен адамның органдарында кездеседі.
Иттің ішегіндегі эхинококтардың жүмыртқаға толы жетілген мүшелері үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады. Сыртқы ортада ол жайылымды, суды, аула мен қораны ластайды.
Шөппен, сумен ілесіп жұмыртқалар малдың ас қорыту жүйесіне түседі. Мұнда жұмыртқадан құрт ұрығы босап шығып, қан айналымы арқылы түрлі органдарға тарайды.
Олар көбінесе өкпеде, бауырда өсіп жетіліп, көлемі жағынан әр түрлі жылауықтарға айналады.
Эхинококтың личинкалық сатысы бұршақтан бастап, баланың басындай көлемге дейін жетеді. Ит осы жылауықтарды жегеннен кейін, ішегінде сақа эхинококтар өсіп шығады. Адамдарға оның жүмыртқалары мен залалданған көкөніс пен жемістен немесе иттен жүғады.
Мал соңғы аралық иелердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға түскен эхинококктың жұмырткасын сумен және азықпен қосып жұтып қою арқылы личинка түріндегі құртпен зақымданады. Жұмыртқадағы ұрықтар ішектің қабырғасына еніп, қан айналысымен бірге барлық органға, тарайды да, одан личинкалар пайда болады. Соңғы аралық иелері личинкасы бар органдарды жеп зақымданады. Олардың ішектерінде одан көптеген жынысы өсіп жетілген эхинококктар өсіп-өнеді.
Инвазияның қоздырғышының көздері – дефинитивтік қожайындар, негізінен олар: иттер, қасқырлар, шибөрілер және түлкілер, олар екінші дәрежеде болады. Иттер эхинококкозбен ауырған эхинококты қалталары бар өлген малдардың өлекселерін жеумен жұғады. Бұл жағдай көбінесе малшылардың иттерінің арасында көптеп кездеседі және де малды союдың, жарып көрудің және жоюдың ветеринарлық ережелері сақталмаған шаруашылықтарда жиі кездеседі. Инвазияға үй малдары да ұшырайды (қой, сиыр, шошқа, бұғы, түйе, ешкі, аттар). Олар негізінен алиментарлы жолмен жұқтырады да орта иелері болады.
Адамдар негізінен иттерден жұқтырады. Эхинококты қалталар малдарда маусымның барлық кезінде кездесе береді, жыл бойы болып тұрады. Жас төлде 1 жасқа дейін қалталар болмайды. Жануарлардың арасында эхинококкоздың таралуының және адамдарға жұғуының негізгі факторы болып қой да есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет