Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім эхинококкоз ауруының қоздырушысы, эпизоотологиясы, патогенезі Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістері Эхинококкоз ауруының диагностикасы


Эхинококкоз ауруының патологиялық - анатомиялық өзгерістері



бет5/8
Дата01.06.2023
өлшемі36,96 Kb.
#97683
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-108504 (копия)

Эхинококкоз ауруының патологиялық - анатомиялық өзгерістері


Сойып қарау. Өлімтік әбден арықтаған, зақымданған органдарда көлемі әр түрлі эхинококкты көпіршіктер бар, орган көлемінен үлкейген, органның тканьдық элементтері семген. Кейде дене қуысындағы көпіршіктерді ашу салдарынан көк шандыр немесе көк ет талаурап қабынған. Эхинококкты көпіршіктерді тауып алысымен оларды тенуикольды цистицеркоздардан ажырата білу керек. Бұлар көбінесе паренхиматозды органдарға жайылады және мөлшері жағынан эхинококкоздың личинкасына ұқсас. Цистицеркалардың эхинококк көпіршігінен айырмашылығы сол - олардың жұқа қабығы және көпіршіктің ішкі жағында үлкен бір басы болады .


1.6 Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Тірі кезінде диагноз клиникалық белгілеріне және тері ішіндегі аллергиялық реакцияның нәтижесіне қарай қойылады; өлгеннен кейінгі диагноз эхинококк көпіршіктерінің табылуына байланысты қойылады. Зақымданған органдардың тканы семген және органның өзі күрт үлкейген. Клиникалық белгілеріне қарап дұрыс диагноз қою мүмкін емес, сондықтан тірі кезінде эхинококкозбен ауырған қойларға аллергиялық тері іші егуді қолданады.
Қосалқы гемагглютинация реакциясы, флокуляция реакциясы бенотинмен бірге және сколексопреципитация реакциялары қолданылады.
Т.Е.Бурделев (1945ж.) көрсеткендей тері іші аллергиялық егу (проба) 88,8%-дан 94,7%-ға дейін дұрыс нәтиже береді. Аллергиялық реакция малдарға жұқтырғаннан кейін 15-ші күннен бастап дұрыс нәтиже береді.
С.Д.Ульянов пен И.Б.Бондаливтердің (1961ж.) жүргізген тәжірибелері көрсеткеніндей, бұл жағдайда оң реакция (положительная реакция) 12 айға дейін сақталатындығы анықталды. Бұл әрине ұзақ мерзім және де реакция әлсіз көрінеді, егер қиыршықталған (обызвествленные цисты) цисталар болған жағдайда.


Эхинококкоз ауруының емделуі

Эхинококкозды емдеуде (И.Л. Брегадзе, Г.А. Моргунов 1961 ж., В.Т. Ромазанов 1968 ж. т.б.) бірнеше тәжірибелік жұмыстар жүргізген. Олар іздену жұмыстарын мына бағытта жүргізді, қолданылған препараттардың әсері тікелей сколекстерге немесе оқшауланған эхинококты қалталарға болуын көздеді. Ол үшін олар мыналарды қолданды: фенол, йод, азур - эозин, трипофлавин, проминтик, минтик, бубулин, бриллианты көк, көгілдір генциан, метиленді көгілдір, қышқыл фуксин, кармин, сафронин, төртхлорлы көміртегі, гетол, дертил О, билавин Р, хлорофос, битионол оксиді, сагимимд, феносал, тисбендазол, овитгельм, пиперазин, Люголь ерітіндісі, дитразин, фенотиозин, нилверм, левамизол, лебендазол. Бұл препараттарды әр түрлі концентрацияда қолданып көрді. Дегенмен, бұлардың ешқайсысы эхинококтық қалтаға өлтіретіндей әсер ете алмады.


Ұйымдастыру шаруашылықты және санитарлық - түсіндірмелік жұмыстарды жүргізу қой эхинококкозының алдын алуда үлкен маңызға ие. Олардың қатарына мыналар жатады: қаңғыбас, бос жүрген иттерді жою, шопандардағы ит санын қысқарту, иттері қатаң есепке алып, оларды паспорттау. Шаруашылықтағы және де тұрғындардағы иттерді бәрін есепке алып, мүмкіндігінше оларды қысқарту.
Эхинококкозбен ауырған қойларды дер кезінде анықтап, мүмкіндігінше оларға емдеу жұмыстарын жүргізу, ол болмаған жағдайда оларды тез арада сойып, етке өткізу. Амалсыздан сойылатын малдарды арнайы мал сойылатын қасапханаларда жүргізу. Жойылуға тиісті эхинококкозбен ауырған немесе өлген малдарды дер кезінде зарарсыздандыру, қойдың ішкі органдарын (бауыр, өкпе, тамақ т.б.) зарарсыздандыру. Малшылардың немесе жергілікті тұрғындардың арасында эхинококкоз ауруының қалай пайда болып, қалай жұғатындығы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Міндетті түрде барлық иттерді, олар 3 айлық жасқа толғаннан бастап, әрбір 45-50 күнде дегельминтизациядан өткізу қажет.
Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды — соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар. Осы мақсатпен эхинококкозы бар шаруашылықтарда мынадай шараларды іс жүзіне асыру қажет.
Мал отарларындағы күзетші, қызметші және аңшы иттерді зақымданған органдармен тамақтандыруға болмайды. Ондай органдарды құртады немесе залалсыздандырылады. Өлген малдың өлімтігі дер кезінде жинап алынып, ит жей алмайтын орындарға (мал көметін орындарға, чех апанына т.б.) тасталады.
Бұралқы иттер мен шаруашылыққа қажеті жоқ иттер құртылып, барлық күзетші, қызметші, мал отарларындағы және аңшы итері тіркеуге алынады. Иттерді мал сойылатын жерлерге, мал қораларына және жемшеп сақталатын орындарға жіберуге болмайды. Сондай-ақ бір отардағы иттерді екінші отарға ауыстыруға және отарларға мал дәрігерінің рұқсатынсыз ит әкелуге тиым салынады.
Шаруашылыққа қажетті барлық иттер әлсін - әлсін дегельминтизацияланып отырылады; мал отарларындағы иттер жылына 8 рет (әрбір 45 күн сайын), қалғандары—4 рет (әрбір 3 айдан кейін). Иттерді дегельминтизациялау үшін ареколин қолданылады. Оны нанмен, туралған етпен немесе сүтпен бірге 24 сағат ашықтырғаннан кейін салмағының 1 килограмына 0,002—0,004 г мөлшерінде береді, 10 күннен кейін емді қайталайды. Сондай-ақ иттерді дегельминтизациялау үшін жалпы қабылданған доза бойынша филиксанды еркек сусамырды, аминоахрихин және кабохолинді қолдануға болады.
Дегельминтизациялағаннан кейін бір күн бойы байлап ұстап, бөлінген нәжісін жинап алып құртады, ал сол төңіректі тегіс зарарсыздандырады. Дегельминтизациялау 8 рет жүргізілген жағдайда бұл шара тек алғашқы дегельминтизациядан соң жүзеге асырылады.
Малды сойғаннан кейінгі диагностикасы. Эхинококты жылауық - суға толған (қалта). Сыртқы қабығы - кутикулярный, ішкі кабығы - тудырушы (зародышевый). Кутикулярлы қабығының сыртында фибринозды кпасула болады. Ішкі қабықта көптеген шығару капсулалары тікенектерімен (сколексы) болады. Бұлардың әрқайсысында 4 сорғы (присоски), 34-38 бүрмесі (крючьев) болады.
Осы тудырушы (зародышевый) қабықтан сколекстер бөлініп шығып жалауықта өмір сүреді. Екінші (дочерные), үшке (внучатые) болып бөлініп өсе береді.
Эхинококтың жылауығының көлемі ноқаттан жаңа туған баланың басындай болады.
Қойларда көбіне бауырда, сирек өкпеде кездеседі. Жылауық саны паренхимотозды органдарда 1-ден 100-ге дейін болады, кейбіреуі әктеніп кетеді. Санитарлық бағалау: егер органдарда көптеген эхинококкоздың жылауығы болса, онда техникалық утилизацияға жіберіледі. Залалданбаған қалған жерлерін толық сатуға рұқсат беріледі [8,9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет