Ірімшіктер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы келесі операциялардан тұрады: - Ірімшіктер өндірісінің жалпы технологиялық схемасы келесі операциялардан тұрады:
- тапсырушыдан сүтті қабылдау,
- сүттің ірімшікке жарамдылығын анықтау,
- ақуыз бен май бойынша нормалау,
- пастерлеу,
- ұйыту температурасына дейін суыту,
- бактериалды ашытқыны енгізу,
- кальций тұздарын енгізу,
- мәйекті немесе басқа ферменттермен ұйыту,
- ұйытқыны алу және өңдеу,
- дәннің қойылуы (постановка),
- сарысу бөлігін алу,
- екінші рет қыздыру,
- араластыру,
- ірімшік массасының дайындығын анықтау,
- формалау, өздігінен престеу немесе ықтиярсыз престеу,
- таңбалау,
- тұздау,
- тиісті камераларда жетілдіру,
- қаптау және шығару
Сүт өндіру жүйесінде мынадай технология ұйымдастыру қажет: сүт өнімділігінің генетикалық потенциалы жоғары голштин, әулиеата, голланд сиырларын және оның будандарын пайдалану; малды жыл бойы қорада ұстап, сүтті цехтік жүйеде өндіру; сауым маусымында дайындалған бірінші тума сиырларды өзінің берген өнімімен тексеріп, бipiншi тума сиырлар табынын құру, жыл бойы үздіксіз өнім алу; әртүрлі технологиялық топтарды ұстау, арнайы қоралар дайындау, мүмкіндігінше жануарларды сауым маусымында бip жерде ұстау, шығынды азайту, бөтен қораға суалғанда және төлдегенде ғана шығару. - Сүт өңдеу жүйесіндегі технология
- Сүт өндіру жүйесінде мынадай технология ұйымдастыру қажет: сүт өнімділігінің генетикалық потенциалы жоғары голштин, әулиеата, голланд сиырларын және оның будандарын пайдалану; малды жыл бойы қорада ұстап, сүтті цехтік жүйеде өндіру; сауым маусымында дайындалған бірінші тума сиырларды өзінің берген өнімімен тексеріп, бipiншi тума сиырлар табынын құру, жыл бойы үздіксіз өнім алу; әртүрлі технологиялық топтарды ұстау, арнайы қоралар дайындау, мүмкіндігінше жануарларды сауым маусымында бip жерде ұстау, шығынды азайту, бөтен қораға суалғанда және төлдегенде ғана шығару.
- Сүтті цехтың жүйемен өндіру технологиясы мынандай цехтардан тұрады: қашарларды төлдеуге дайындау және бiрінші тума сиырларды идіре сауу, төлдету, төл өcipy, ұрықтандыру және сүт сауу цехтары.+
- Бұл цехтарда жануарлардың физиологиялық жағдайы ескеріліп, зоогигиеналық-мал дәрігерлік және технологиялық әдістер ұйымдастырылады да, сүт өнімін көбейтіп, оның өзіндік құнын арзандатуға жұмсалады.
- Технология жүйесін есептегенде айналым қисық сызығын сызу үшін сиырдың қай цехта қанша уақыт тұратындығы ескеріледі. Сонымен олар қашарды төлдетуге дайындау және бipiнiшi туманы идіре сауу цехында -360-390; суалу кезеңі цехында 50-60; төлдету цехында-25; идіре сауу, қашыру және сүт өндіру цехында 260-290 күн тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |