Пангам қышқылы (витамин В15 − антианоксикалық) глюкон қышқылының N – диметил глицин эфирі. Ең алғаш рет 1950 жылы өгіздің бауырынан табылған, кейіннен ол көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан табылған. Оның авитаминозы да, гипервитаминозы да анықталмаған. Алайда, оны медицинада кейбір зат алмасу үрдісінің бұзылуымен байланыста ауруларға қолданылады.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Пангам қышқылы Д − глюкон мен диметиламиносірке қышқылдарының күрделі эфирі болады, суда жақсы ериді, ал хлороформ, эфир, бензолда ерімейді.
Холин (витамин В4) аминоэтил Алғашқы рет 1892 жылы А. Стрекер холинді жұмыртқаның сары уызынан бөліп алды. Кейіннен ол ми ұлпаларындағы лецитінннің құрамынан да табылды.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: холин аммоний гидратының туындысы. Холин− түссіз, сироп тәріздес зат, сілтілік қасиеті бар, сумен спирттерде тез ериді. өте оңай комплексті тұздар түзе алады.
Биологиялық маңызы: Фосфотидтердің, ацетилхолиннің синтезіне қатысады. Ал, ацетилхолин болса, жүйке және ет клеткаларын байланыстырушы химиялық медиатор болады.
Холин сонымен бірге адреналин, креатин , метионин сияқты биологиялық активті заттар түзілуіндегі метил топтарының донаторы болып табылады, трансметилдену реакцияларына қатысады.
Холиннің жеткіліксіз болуы сипатталмаған, холиннің жеткіліксіздігі эксперимент арқылы бауырдың май және липидтердің синтезі бузылуы түрінде көрінеді.
Табиғатта таралуы: Ет және астық тұқымдас өнімдерде кездеседі. Ағзада ол тотығып бетаинге айналады. Ішек микрофлорасында синтезделеді. Тәуліктік қажеттілігі 250-600 мг.
Карнитин (витамин В7) Биологиялық маңызы: Карнитин ұзын тізбекті май қышқылдарының цитоплазмадан митохондрияларға тасымалдануына қатысады. Осыған байланысты БМҚ тотығуын тездетіп, энергия түзілуіне ықпал етеді. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметін және спермотогенезді стимулдейді. Бұлшықет қызметінде миокардиоситрофияға қолданылады.
Табиғатта таралуы: ет тағамдары карнитинге бай. Тәуліктік мөлшері: 500 мг
Убихинон (КоQ) 1955 жылы жануарлар майынан Q липовитамині немесе убихинон бөлініп алынды. Бұл әсіресе мембрананың митохондрияларында көп кездеседі.
Химиялық табиғаты мен қаситтері: Бұған К және Е витамині құрылымы жағынан ұқсас болып келеді. Суда ерімейді. Q витамині хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі метоксилді топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10 изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар.
Биологиялық маңызы: Митохондрияның тотығу тізбегіндегі электронды ДТ − дан цитохромдарға тасымалдап, тотығу − тотықсыздану реакцияларына қатысады. Организмде синтезделеді.
Бұлшықет дистрофияларында, жүректің жиырылу қызметі бұзылғанда, анемияның кейбір түрін емдеуге қолданылады