Витамин жетіспеушілік
Авитаминоз
Авитаминоз немесе Адәруменділік - дәруменнің толық жетіспеушілігі. Тағамдағы витаминдердің аздығынан организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауру. Мәселен , «С» витаминінің жетіспеуінен қызыл иек тканінің, ауыз шырышты қабығының қанауынан т. б. белгілерден байқалады. Ел арасында мұндай кеселді құрқұлақ деп те атайды.
Егер ұйқыңыз қашып, тәбетіңіз жоғалса, басыңыз солқылдап ауыра бастаса, ағзаға В1 мен В9 дәрумендері жетіспейді деген сөз.Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, іштің ауруы В12 дәруменінің жетіспеушілігінен туады. D мен Е дәрумендері жетіспесе, ол бірден байқалмайды. Тез арықтау, терлей беру осы дәрумендердің азаюынан хабар береді. Сондай-ақ, В15, К, РРдәрумендердің аздығын да өздігімізден анықтау қиынға түседі.
Гиповитаминоздар
Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет.
Тағам құрамында қажетті витаминдердің болмауы алиментарлық бірінші реттік гиповитаминоз деп аталады..Ал, ас қорыту жүйесінің қызметінің бұзылуы кезінде немесе тағам құрамындағы майлардың болмауында байқалған авитаминоз ішек қуысында немесе гиповитаминоз екінші реттік деп саналады.
Гипервитаминоз
Витаминдер организмге көп мөлшерде түссе организм патологиялық жағдайда болады.Бұл жағдай гипервитаминоз деп аталады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдерге тән. Себебі, олардың артығы зәрмен керекті мөлшерімен сыртқа шығарылады.Витаминдердің биологиялық активтілігін төмендететін немесе толық жоятын заттар антивитаминдер деп аталады.
Қорытынды
Жалпы қорыта келсек, витаминдер дегеніміз– тағам құрамында болатын, маңызы зор, өмірге өте қажетті адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде керекті төмен молекулалы органикалық заттар.Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин ашты. Витамин тәрізді заттар деп аталу себебі,жануарлар мен адам организмінде синтезделуімен ерекшеленеді,олардың жеткіліксіздігінен авитаминозға тән сыртқы белгілер байқалмайды.
Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды.
Қолданылған әдебиеттер
П. К. Кенжебеков, «Биологиялық химия», Шымкент, 2005 ж.
С.О. Тапбергенов «Медициналық биохимия». Алматы, «Эверо», 2009 жыл.
Р.Ұ.Бейсенбаева, Б.Т. Төлегенова «Биологиялық химия». Алматы, 2008 жыл.
Т.С. Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сейтембетова «Биологиялық химия». Алматы, 2010 жыл.
Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов . Под ред. В.Р. Кучма Москва « Медицина» 2001 г.
Достарыңызбен бөлісу: |