Жоспар: Коллоидтық химия пәні


) Егер концентрацияның(активтіліктің) С(а) өсуіне байланысты σ азайса,  яғни  



Pdf көрінісі
бет70/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127
1) Егер концентрацияның(активтіліктің) С(а) өсуіне байланысты σ азайса, 
яғни  𝒅𝝈 𝒅𝒄

< 𝟎  болса,  адсорбция  Г>0  болады.  Бұл-оң  адсорбция.  Осы 


шарттарға сәйкес келетін заттар беттік активті (белсенді) заттар (БАЗ) деп 
аталады.Оларға  көмірсутек  радикалынан  (R)  және  полярлы  топтан  тұратын 
жалпы  фрамуласы  R-P  болатын  заттар,  мысалы  май  қышқылдары  және 
олардың тұздары (полярлы топ-СООН), спирттер (-ОН), аминдер (-NH
2
, =NH, 
≡N),  аминқышқылдары,  сульфоқышқылдар  және  т.б.  жатады.  Мұндай 
заттардың  беттік  қабаттағы  концентрациясы  еріткіш  көлеміндегіден  артық 
болады. 
2) Егер  σ  концентрацияға  (с)  өскенде  өсетін  болса,  яғни  егер 
𝒅𝝈 𝒅𝒄

> 𝟎 
болса, онда Г<0 болады. Бұл еріген заттың ерітінді көлеміне қарағанда беттік 
қабатта  жетімсіздігін  (аздығын)  білдіреді.  Бұл-теріс  адсорбция.  Беттік 
керілуді  (σ)  арттыратын  заттар  беттік  инактивті  (активсіз)  заттар  (БИЗ 
немесе  БИАЗ)  деп  атады.  Оларға  минералды  қышқылдар,  сілтілер,  тұздар, 
яғни  иондарға  диссоциацияланатын,  суға  қарағанда  полярлығы  жоғары, 
ерітінді ішіне қарай кететін заттар жатады.  
3) Егер  σ  концентрацияға  тәуелсіз  болса,  онда 
𝒅𝝈 𝒅𝒄

= 𝟎  және  Г=0 
болады, яғни еріген зат концентрациясы беттік қабатта да, ерітінді көлемінде 
де бірдей болады және адсорбция болмайды. Мұндай заттарға қант жатады. 
Дәрісте  𝜎 = 𝑓(𝑐)  тәуелділігінің  графигі  келтіріледі  және  адсорбцияның 
концентрацияға (С) тәуелділігін есептеп табу әдістері, яғни Г=f(С) байланысы 
табылып, оның графигі сызылады.  
−𝑑𝜎 𝑑𝑐

 шамасы беттік активтілік деп аталады. П.А.Ребиндердің ұсынысы 
бойынша Гиббстің құрметіне ол гиббс деп аталып, G таңбасымен белгіленеді. 
Оның өлшем бірлігі 1гиббс=1эрг/см
2
:1моль/см
3
=1эрг∙см/моль болады, СИ-да–
н/м
2
/моль. G-ны есепке алғанда Гиббс теңдеуі 
Г =
С
𝑹
∙ 𝑮,    ал   𝑮 = 𝑹𝑻Г С
⁄  
болады. 
Г = 𝑓(𝑐)графикалық  тәуелділігінен  шексіз  шекті  адсорбция-Г

  немесе 
Г
макс
  табылады.  Оның  шамасы  берілген  БАЗ  заттардың  гомологтық  қатары 
үшін көмірсутек радикалдар ұзындығына қарамастан тек бірдей болады. Г
макс
 
мәнін пайдаланып БАЗ-дың алатын ауданын және ұзындығын (немесе беттік 
қабат қалыңдығын) есептеп табуға болады. 
БАЗ-дарға  фазалардың  бөліну  шекарасында  σ-ді  төмендететін  заттар 
ретінде  анықтама  беріледі.  Оларды  молекулалық құрылымдары  мен  құрамы 
және физика-химиялық әсерлері бойынша жіктеу келтіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет