Жоспар: Көшбасшылық түсінігінің туындауы және анықтамасы



бет11/12
Дата28.04.2023
өлшемі59,03 Kb.
#88261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Педагогикалық ұжым - педагогикалық көзқарастарының, сенімдері мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер, тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дөрігері) қызметкерлерін біріктіреді.
Адам ресурстары - бұл әрбір адамда бар, капиталды құрастырушы болып табылатын білімдердің, қабілеттер мен мотивациялардың қоры, жоғары білім деңгейі, кәсібилік пен кәсіпкерлік қабілеттерді иеленуші, елдің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде көрініс табатын адами ресурстар; елдің экономикалық өсуі мен дамуына ықпалын тигізетін қолданыста бар немесе қолданыла алатын халықтың бір бөлігі; тұрғындардың табиғи, экономикалық (өндіруші), әлеуметтік және саяси сапаларының жиынтығы ретінде ұсынылатын жалпы әлеуметтік категория.
Басқарудың авторитарлық стилі – биліктің орталықтандыруы, біріңғай басшылық, бастама мен дербестілікті шектеу, мәжбүр ету тәсілдерінің басым болуын сипаттайтын жетекшілік стилі.
Басқару – реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету үрдісі.
Қарым-қатынас – екі немесе одан көп адамдардың тұлғааралық қатынас орнату мақсатындағы өзара әрекеті, бірлескен әрекеттің ортақ нәтижесіне қол жеткізу, баланың психологиялық және әлеуметтік дамуының маңызды ықпалының бірі.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл оқу және тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби қарым-қатынасы.
Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуде, нақты проблемаларды шешуде, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруда және іс-әрекет, ақпарат алмасуда көрінетін байланыстар мен іс-қимыл үрдісі.
Әдеп – моральдық категория, адамдар арасындағы қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіреді. Адамгершілік құлық адамдардың қауымдасып, өмір сүруінің дәнекері болып табылады. Этика – мінез-құлық мөлшері, әдептілік. Этика мінез-құлық туралы ғылым.
Әдеп кодексі – қоғамда өмір сүрудің басты нормаларын /адамгершілік, мәдени-рухани, ізеттілік, сыпайылылық, т.б./ белгілейтін құжат.
Этика – идеологияның бір түрі болып табылатын мінез-құлық, адамгершілік және оның мәні туралы ілім; белгілі бір қоғам мүшелері үшін заң болып табылатын мінез-құлық, тәртіп,мөлшері,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет