Педагогикалық менеджмент – бұл ұйымдастыру нормаларының және технологиялық тәсілдердің білімділік үрдісті басқару тиімділігін арттыруға бағытталған принциптердің, әдістердің кешені.
Бақылау – жұмысты түзетумен бірге қойылған мақсаттардың орындалуының тəртібін жүйелік түрде қарап отыру.
Бақылау функциясы – мəселенің дағдарысқа айналмай тұрып ұйым қызметінің мəселесін табу жəне түзетудің басқару сипаттамасы.
Мотивация- тұлғаның ішкі мотивациясы сыртқы ұйымдастыру мотивациясымен тұтасып, жеке бас қажеттілігі негізінде басқалармен қарым - қатынасқа түсуі.
Стратегия - болашаққа есептелген мақсатқа жетудің жалпы жаспары.
Тактика -экономикалық, әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер.
Ұйымдастыру - бір топ адамдардың іс- әрекетін белгілі бір мақсатқа жету үшін үйлестіру.
Ұйымдастыру техникалары - еңбек құралдары, байланыс құралдары, құрал жабдықтар және т.б.
Жоспарлау – жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты. Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, реті тәптіштеледі.
Заңдық билік –белгілі бір дәстүрге негізделіп әсер ету түрі.
Заңдылықтар - құбылыстар мен үрдістер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыстар.
Басқарудың заңдылығы –бұл басқару үрдісінде байқалатын, қайталанып отырылатын және әртүрлі элементтер мен құбылыстардың арасындағы мәнді өзара байланыстар.
Басқару объектісі - басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы).
Басқару құрылымы –басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.
Басқару – ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану.
Имидж – адамның бет-бейнесі, оның қоғамдағы беделі; фирманың тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі.