Жоспар: Көшбасшылық түсінігінің туындауы және анықтамасы



бет12/12
Дата28.04.2023
өлшемі59,03 Kb.
#88261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Менедж (копия)

Кәсіптік этика (профессионалдық этика)- адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.
Педогогикалық этика –басты мақсаты адамның ішкі рухани байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.
Басқару этикасы – бұл профиссионалдық этиканың бір түрі. Басқару этикасы – ол басқару іс-қызметіне бағытталған, этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.
Басқарудың демократиялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.
Қақтығыс - экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қызығушылықтар мен мақсаттарға бағытталған индивидтер мен түрлі әлеуметтік қауымдастықтар арасындағы күрес түрінде көрінетін әлеуметтік қарама-қайшылықтардың өршуінің ең жоғарғы шегі.
Қақтығысты басқару - қақтығысқа қатысушылардың мінез-құлықтарын коррекциялау мен мақсатқа бағытталған себептердің әсерін қалыпқа келтіру.
Қақтығысты шешу – қақтығысқа қатысушылар мақсаттарының өзгеруі немесе толықтай бір-бірден себептерінің шектелуі.
Көшбасшы – топ мүшелерінің өзара әрекет ету нәтижесінде немесе нормалары мен құндылық бағдарларына сәйкес келетін топ құру арқылы көзге түсетін шағын топтың өкілі.
Лидер – қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Лидер аса беделді тұлға ретінде танылады: көшбасшы; басшы, жетекші; аса құнды әлеуетті меңгерген, топқа жетекші ықпал жасай алатын белсенді мүше.
Көшбасшылық қасиет - функцияларды орындаудың табыстылығын қамтамасыз ететін, топтың лидермен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің, психологиялық сапалары мен қабілеттерінің жиынтығы.
Педагог лидерлігі – әкімшілік міндеттермен шектеліп қалмайтын және мұғалімге әкімшілік өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеуді көздемейтін, керісінше мұғалімнің мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бастама жасауды және мәртебесінің қандайлығына қарамастан бұл өзгерістерге қолдау көрсетуді өз еркімен таңдауын білдіретін қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет