Педагогикалық жүйе -педагогикалық үдеріс элементтерінің реттелген жиынтығы және олардың статистика мен динамикадағы байланысы; оған жету құралдары, кезең бойынша мақсатының алмасуы, оқушылар мен мұғалім іс-әрекетінің сипаты, педагогикалық үдеріс нәтижелері.
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету үрдісі, жұмыс нәтижелеріне сандық және сапалық баға беру үрдісі.
Бақылау – жұмысты түзетумен бірге қойылған мақсаттардың орындалуының тəртібін жүйелік түрде қарап отыру.
Бақылау – сезім мүшелері арқылы қажетті ақпаратты тікелей алуға есептелген зерттеу әдістері.
Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, ӛзара байланысты диагностикалық қызметтердің жүйесі
Бақылау функциясы – мəселенің дағдарысқа айналмай тұрып ұйым қызметінің мəселесін табу жəне түзетудің басқару сипаттамасы.
Педагогикалық бақылау – педагогикалық үрдіс субъектілерінің (әкімшілік, мұғалім, оқушы, персонал) тәртіп ережелеріне сәйкес мінез-құлық жүйесін ұстануына ықпал жасау, оқу-тәрбие үрдісінің нақтылы нәтижесінің талап етілетін нәтижеге неғұрлым жақын болуын қамтамасыз ету.
Диагностика -фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім.
Диагностика – арнайы жасалған ғылыми әдістер көмегімен игері-летін педагогикалық үрдістердің, құбылыстардың және т.б. сандық бағасы мен сапалық сараптамасы.
Педагогикалық диагностика -педагогикалық ғылыми тәжірибелік әрекетті сипаттайды, ол оқу үрдісіндегі іс-әрекеттегі қиындық көлемін және сипатын анықтап, тұлғаның оқу бағдарлаамасын меңгеруін, олардың іс-әрекеті мен жетістік нәтижелерін анықтау, педагогикалық үдеріс жағдайын зерттеу.
Мектепті басқарудың принциптері– демократияландыру және ізгілендіру, жүйелілік және тұтастық, алқалық (коллегиялық), басқарудағы жекелік, ашықтығы және жариялылығы, міндеттерді бӛлу, еркіндігі және шығармашылығы.