- Сана ең жоғарғы ұйымдасқан материя – мидың функциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті. Оның пайда болуына екі факторға байланысты: бірі – еңбек, екіншісі – тіл. “Алдымен еңбек, одан соң бөліп-бөліп айтылатын тіл, - дейді Ф. Энгельс, - маймылдың миын адам миына айналдырды”.
Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнесі Қоғамдық және жеке сана - Жеке сана әр адамның дүниеге келуіне, өсіп жетілуіне, дүние салуына сәйкес өмір сүреді. Ал қоғамдық сананы жасаушы да, сақтаушы да, оны іске асырушы да – жеке адамдар.
Қарапайым және теориялық сана. - Қарапайым сана – табиғат пен өмір құбылыстарын күнделікті байқаудың нәтижесі.
- Теориялық сана стихялық түрде пайда болмайды. Оны жасайтындар да, тарататындар да – белгілі дайындығы бар, білімі жоғары, білікті адамдар, теоретиктер.
Қоғамдық психология мен идеология - Қоғамдық психологияның қалыптасуын қоршаған орта, климат, шаруашылық пен кәсіп, жер байлығы, әдет-ғұрпы, ән-күй бәрі әсер етеді. Бірақ қоғамдық психология түрлі жағдайларға сәйкес өзгеріп отырады.
- Қоғамдық психология қоғамдық сананың төменгі сатысы болса, идеология оның жоғарғы сатысына жетеді. Идеология ертедегі гректің “idea”- пікір-ой және ”logos”- ілім деген екі сөзінен құралған.
Қоғамдық сананың формалары - а. Саяси сана
- б.Құқылық сана
- в. Моральдық сана
- г.Эстетикалық сана
- д.Діни және атеистік сана
Достарыңызбен бөлісу: |