Сұрақтар
Индикаторлар. Индикаторлардың жіктелуі. Қышқыл-негіздік индикаторлар.
Индикаторлар теориясы
3.Индикатордың ауысу интервалы, титрлеу көрсеткіші, индикаторлық қате.
Лекция 11
Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану титрлеуі
Жоспар
Әдістің негізі. Титранттар ретінде қолданылатын тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.
Титрлеу кезіндегі тотығу-тотықсыздану потенциалының өзгеруі.
3.Тотығу-тотықсыздану реакциясының тепе-теңдік константасы мен стандартты потенциалы арасындағы байланыс.
1. Әдістің негізі. Титранттар ретінде қолданылатын тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері әрекеттесуші заттардың тотығу дәрежесінің өзгеруімен байланысты реакцияларға немесе тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген, сондықтан редоксиметрия деп те аталады. Титрлеу барысында жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалы тотықтырғыштың немесе тотықсыздандырғыштың тотыққан және тотықсызданған формаларының концентрацияларының қатынасының өзгеруіне байланысты өзгереді.
Тотықтырғыштар: калий перманганаты, қарапайым йод ерітіндісі, калий бихроматы, калий броматы, калий иодаты, иод қышқылы , калий периодаты , аммоний ванадаты , Pb(IV) қосылыстары.
Тотықсыздандырғыштар: Мор тұзы [Fe( ], темір(II)сульфаты, титан(III) хлориді, қалайы(II) хлориді, хром(II) сульфаты, аскорбин қышқылы , мышьяк(III) қосылыстары, мыс(I) хлориді, натрий тиосульфаты , қымыздық қышқылы, сутек пероксиді т.б.
Әдетте тотықсыздандырғыштың ерітіндісін тотықтырғыштың ерітіндісімен титрлейді.
Мысалы, төменгі тотығу дәрежесіндегі қосылыстар (Fe (II), Cr (II), Mn (II), Ti (III), V(IV), U (IV) жоғары тотығу дәрежесіне дейін тотығады
(Fe (III),Cr(III), Mn(IV), Ti(IV), V(V), U(VI)) және т.б. әдетте күшті тотықтырғыштар ретінде , ерітінділері қолданылады:
Көптеген элементтердің жоғары тотығу дәрежелеріндегі қосылыстарды
Sn (II), Cr (II), Ti (II) т.с. сияқты күшті тотықтырғыш заттармен титрлеу арқылы төменгі тотығу дәрежесіндегі қосылыстарға дейін тотықсыздандырады:
Анықталатын тотықтырғыш алдымен ең төменгі тотығу дәрежесіне дейін төмендейді, содан кейін басқа тотықтырғыш заттың стандартты ерітіндісімен титрленеді:
-
Кейде анықталатын тотықсыздандырғышты жоғары тотығу дәрежесіне дейін алдын ала тотықтырады, содан кейін басқа тотықсыздандырғыштыстандартты ерітіндісімен титрленеді:
Достарыңызбен бөлісу: |