Жоспар Сынама алу ережесімен танысу; Құс ұшасына органолептикалық зерттеу жүргізу; Құс етіне микроскопиялық сараптама жүргізу


Ұшпа май қышқылдарын сандық анықтау



бет3/5
Дата18.11.2023
өлшемі24,57 Kb.
#124650
1   2   3   4   5
Ұшпа май қышқылдарын сандық анықтау. Ұшқыш май қышқылының санын анықтауды майы жоқ құс етінен анықтайды. Бұл әдіс етті сақтау кезінде жиналған ұшпа май қышқылдарының бөлінуіне және калий гидрототығымен дистилятты титрлеу арқылы көлемін анықтауға негізделген.
Жұмыстың орындалу реті. Сараптаманы су буының көмегімен ұшпа заттарды айдауға негізделген құрылғыда жүргізеді. Ет сынамасынан 25г алып, жалпақ табанды қолбаға салады. Үстінен 2%күкіртті қышқылы ерітіндісінен 150мл құяды. Колбаны шайқап араластырып бетін тығынмен жабады. Мұздатқыштың астына 250мл колба қояды. Жалпақ табанды колбадағы дистильденген суды қайнау деңгейіне дейін жеткізіп, колбада 200мл дистиллят жиналғанша ұшпа май қышқылдарын бумен айдайды. Айдау процесі кезінде колбаны қайнатады. Дистилляттың барлық көлемін фенофталеин индикаторымен ақшыл қызыл (малиновый) түс пайда болғанша 0,1н калий гидрототығы ерітіндісімен титрлейді.
Осымен қатар дәл осы шарттарда етсіз реактивпен дистиллятты титрлеуге кеткен сілтіні анықтау үшін бақылау сараптамасын жүргізеді.
100г еттегі калий гидрототығының мг мөлшеріндегі ұшпа май қышқылдарының мөлшерін мына формула бойынша есептейді:

у-еттегі 200мл дистилятты титрлеуге кеткен 0,1н калий гидрототығы ерітіндісі.
уо- бақылау сараптамасындағы 200мл дистиллятты титрлеуге кеткен 0,1н калий гидрототығы ерітіндісі.
к-0,1н калий гидрототығы ерітіндісіне түзетілім.
5,61-0,1н ерітіндісінің 1мл-гі калий гидрототығы көлемі.
М-сынама массасы, г.
Зерттеу қорытындысы ретінде 2 қатар жүргізілген анықтамалардың орта арифметикалық көрсеткішін алады. Есептемені қателігі 0,01 болатын калий гидрототығымен жүргізеді.
Сапалы етте ұшпа май қышқылдарының калий гидрототығы 4мг дейін.
Күмәнді балаусалықтағы етте ұшпа май қышқылдарында 4,1-9мг дейін калий гидрототығы болады. Бұзылған етте-9мг жоғары.
Егер ұшқыш май қышқылдары 4,5 КОН дейін болса, етті балауса деп санайды. Ұшқыш май қышқылдары 4,51-ден 9 мг КОН-қа дейін болса, еттің балаусалығын күмәнді деп санайды, балауса емес етте - КОН 9мг жоғары. Майдағы қышқыл және асқын тотығы санын анықтау әдістерін 12 бөлімнен "Жануарлар майының вет. сан. сараптамасы" қарау. Майдың қышқыл санын анықтаудағы мәліметтер бағасы. Құстардың барлық түрлерінің суытылған және мұздатылған ұшаларынан алынған майлардың қышқыл саны - 1мг КОН дейін болса, балауса болып саналады; суытылған ұшалардан алынған тауық майының қышқылдық саны 1-2,5мг КОН дейін болса, қаздікі 1-2мг КОН, үйрек 1-3 мг КОН, сонымен қатар барлық құс түрлерінің мұздатылған ұшаларындағы майдың қышқылдық саны 1-1,6мг КОН дейін болса, балаусалығы күмәнді болып саналады. Балаусалығы күмәнді көрсеткіштен жоғары болса, майды сапасыз деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет