Қышқылдық санын анықтау. Қышқылдық саны -1г майдағы бос май қышқылдарын бейтараптауға қажетті өткір калий мөлшері. Бос май қышқылдары гидролиз және майдың оттегімен бұзылуы кезінде жиналады. Қышқылдық саны майдың сортын анықтауда ғана емес, оның сипаттылығын анықтауда да ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл әдіс майдың эфирлі - спиртті ерітіндісі өткір калий және натриймен бейтараптануына негізделген. Этилді эфир майды еріту үшін қолданады, ал этилды спиртті екі араласпайтын жүйенің (майдың эфирлі ерітіндісі және сілтінің сулы ерітіндісі) гомогенизациясы үшін қолданады. Сонымен қатар, спирт пайда болатын сабынның гидролизінің алдын алады.
Жұмыстың орындалу реті. 150-200мл сиымдылығы бар колбаға қателігі 0,01г аспайтындай 3-5г зерттелініп отырған майдан салады. Майды су моншасында ерітеді, үстінен құяды (оның көлемі майдыкінен 10есе артық болуы қажет) және араластырады.
1% фенофталеиннің спиртті ерітіндісінен 3-5тамшы қосады. Алынған ерітіндіні 0,1н өткір калий мен натр ерітіндісімен күлгін түс пайда болғанша титрлейді, бірақ ол 1минуттың ішінде жоғалмайды.
Титрлеу кезінде сұйықтық бұлыңғырланса, колбаға 5-10мл эфирлі-спиртті ерітіндісін қосып бұлыңғырлығы кеткенше араластырады. Қышқыл санын (х) мына формула арқылы есептейді:
у-0,1н өткір сілті ерітіндісінің көлемі;
к-0,1н сілті ерітіндісінің түзетілімі;
М-зерттеліп отырған май салмағы;
5,61-1мл 0,1н КОН ерітіндісінің өткір калий көлемі.
Асқын тотығы саны деп 100г майдағы йодты калийден бөлінген йодтың көлемі.
Жұмыстың орындалу реті. Колбаға қателігі 0,00002г аспайтындай етіп, 0,8г май өлшеп салады. Су моншасында ерітеді және үстінен 10мл хлороформ мен мұзды сірке қышқылын құяды. Тез арада 0,5мл қаныққан жаңа ғана ерітіндісін қосады. Колбаны тығынмен жауып, шайқап, 3мин қараңғы жерге қояды. Колбаға үстінен 100мл дистильденген су құяды. Оған алдын-ала 1мл 1% крахмал ерітіндісін қосады. 0,01н гипосульфит натрий ерітіндісімен көк түс жойылғанша титрлейді. Мына формула бойынша есептейді:
у-гипосульфит Na ерітіндісінің 0,01н ерітіндісі
у1- бақылау сынамасына кеткен гипосульфит натрий ерітіндісінің 0,01н ерітіндісі
М-зерттеліп отырған майдың салмағы
к-түзеу уоэффициенті
0,00127-йодтың стандартты мөлшері.
Қорытынды:
0,03дейін-балауса;
0,03-0,06-балауса, бірақ сақтауға келмейді;
0,06-0,10-күмәнді балаусалықта;
0,10-жоғары-бұзылған.
Қатар зерттелген зерттеулер қорытындысы айырмасы 0,005аспауы керек.
Майдың асқын тотығын анықтаудағы мәліметтер бағасы.
Құстардың барлық түрлерінің ұшаларынан алынған суытылған және мұздатылған майды балауса деп санайды, егер асқын тотығы саны 0,01% йодтан аспаса; суытылған ұшалардағы тауық майының асқын тотығы 0,01-0,04% йод, құстардың барлық түрлерінің асқын тотығы саны 0,01-0,03% йодты балаусалығы күмәнді деп таниды. Көрсеткіштері балаусалығы күмәндінің шегінен асса, майды сапасыз деп таниды.