Жоспар Сынама алу ережесімен танысу; Құс ұшасына органолептикалық зерттеу жүргізу; Құс етіне микроскопиялық сараптама жүргізу


Аммоний тұздары мен аммиакты анықтау әдісі



бет2/5
Дата18.11.2023
өлшемі24,57 Kb.
#124650
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-Тақырып.Құс етінің балаусалығын анықтау

Аммоний тұздары мен аммиакты анықтау әдісі. Аммиак және аммоний тұздарының Несслер реактивімен (йодты сынаппен йодты калийдің екі еселенген тұзы. Осы калий тотығы гидратында ерітіледі) қосылып сарғыш түске боялған меркураммоний йодидін түзуге негізделген.
Жұмыстың орындалу реті: вытяжканы әр сынамаға жеке дайындайды. Салмағы 5г фаршты қателігі 0,001г аспайтындай етіп өлшейді. Содан кейін 20мл екі рет қайнатылған дистильденген суы бар колбаға ауыстырады. Және 15минут ішінде 3рет араластырып қояды. Алынған вытяжканы фильтрден өткізеді. Несслер реактивін дайындау үшін йодисті калийдің 10грамын алып, 10мл қайнатылған дистильденген суға араластырады. Алынған ерітіндіге хлорлы сынаптың ыстық қаныққан ерітіндісін қызыл түс пайда болғанша қосады. Ол қызыл түс араластырғанда жоғалып фильтрден өткізеді. Фильтратқа 80мл дистильденген суда ерітілген 30г калий гидраты тотығын қосады және ыстық қаныққан сынаптың хлорлы ерітіндісінен 1-5мл қосады. Суығаннан кейін ерітіндіге көлемі 200мл жеткенше дистильденген су қосады. Несслер реактивін суық жерде қоңыр шыны ыдыста сақтайды. Ерітінді түссіз болуы керек.
Пробиркаға пипетканың көлемімен 1мл вытяжка және 10тамшы Несслер реактивін құяды. Пробирканы араластырамыз және де түсінің өзгеруін, вытяжканың мөлдірлігін анықтайды. Егер вытяжка жасыл-сары түске боялып, мөлдір және әлсіз бұлыңғырланса етті балауса деп санайды. Егер вытяжка сары түсті болса, бұлыңғырланса, түбінде шөгінді түзілсе еттің балаусалығын күмәнді деп санайды.
Егер вытяжка сарғыш түстес болса, үлкен үлпектер пайда болса, ет балауса емес деп танылады.
Пероксидазаға реакция. Реакция негізі мынада: құс етіндегі пероксидаза ферменті сутегі тотығын бөліп, оттегі түзгізеді. Түзілген оттегі бензидинді оттектендіреді. Осы жағдайда парахинондемид түзіледі. Сау жануарлардың етіне пероксидаза белсенді, ал ауру жануарлар етінде ол неғұрлым төмендеу.
Пероксидазаның белсенділігі рН ортасына байланысты. рН 6 аспаса-оң, рН6,1-6,2-күмәнді, рН-6,2жоғары- теріс болады.
Жұмыстың орындалу тәртібі: пробиркаға 2мл сүзінді құяды (1:4), үстінен 5 тамшы 0,2% бензидиннің спиртті ерітіндісін құяды. Араластырады да 1% асқын сутегі тотығынан 2 тамшы қосады.
Сау жануар етінен алынған вытяжкада қоңыр түске ауыссатын көк-жасыл түс пайда болады (оң реакция). Ауру малдардың етінде көк-жасыл түс пайда болмайды. Бірден қоңыр түске ауысады (теріс реакция).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет