Жоспар Сынып жетекшінің оқу және тәрбие іс-әрекетін жоспарлау


Сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс- әрекеретін жоспарлау



бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#20433
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5ea66efa-29ee-11e8-969e-bcaec5508c5bменеджжжжж

Сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс- әрекеретін жоспарлау:

Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:

Жоспардың қоғам талаптарына,мақсаттарына сәйкестігі

Жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу

Жоспардың нақтылығы

Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі

Тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы

Өмірмен тығыз байланыстылығы

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІ ҚҰРЫЛЫМЫ:

сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жалпы мәліметтер

сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары

тәрбие міндеттері

сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс

ата-аналармен жұмыс

сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі

сынып жетекшінің есеп беруі

МЕКТЕПТІК БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІ:

Оқу саясаты аясында


    • Жас ұрпаққа жоғарғы буын білім, білік, дағды, тәжірибесін трансформациялайды яғни, тәрбиелеу, оқыту, дамыту, қалыптастыру және т.б. қызметтерді атқарады

Кадрлық саясат аясында
    • Ғылым білім дамуы мен заман талабына сай біліктілігін үнемі арттыру; қызметіне шығармашыл қатынас білдіру,
    • Мақсат қою, болжау, жобалау, жоспарлау, басқару.
    • Диагностикалық-мотивациялық түзету және т.б.

Әдістемелік саясат аясында
    • Мектептік білім беру саласына енгізіліп жатқан оқу әдістемелік құралдар мазмұнына аналитикалық талдау;
    • Білім беру үдерісі барысында ұлттық идеяны насихаттау және ұстану;
    • Мектептік білім беру реформаларын өңдеуге және білім беру үдерісіне енгізуге белсене қатысу және т.б.

Мектептегі мұғалімнің орны мен рөлі:

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі болып табылады. Бұл-білім беруде кезңе-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшудіжүзеге асыру оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты мектепте білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне де ерекше өзгерістер енгізуді қажетті деп саналады.

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:

арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары

кәсіби-педагогикалық касиетгері

жалпы адамзаттық қасиеттері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет