Мектептік білім беру саясатындағы мұғалім рөлі:
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты-адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, творчестволық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Танымал ғалым А.К.Мынбаева Ұлттық білім беру үлгісін сақтау және нығайту мәселесін «білім беру саясаты», «мектептік саясат» мәселелері аясында қарастырған.
Т.Реган білім беру саясатының 4 типін бөліп көрсетеді: оқу саясаты; әдістемелік саясат; ресурс саясаты; дистрибут саясаты.
Біз өз зерттеуімізде мектептік саясат мәселесін оқу саясаты, әдістемелік саясат, қаржылық саясат және мұғалім статусы мен қызметін қамтитын кадрлық әлеует саясаты тұрғасынан қарастырды.
Аталған мектептік білім беру саясатын жүзеге асыру және жетілдіруде мұғалімнің орны мен олардың міндеттерінің айрықша екенін елбасымыз Н.Назарбаев: «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады» - деп атап көрсетті.
Т.Риган
Н.Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |