Жоспары: Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары


Оқушы мен ұстаз іс әрекетінің жаңа сабақ типіндегі ұйымдастырылу ерекшеліктері



бет3/9
Дата05.09.2023
өлшемі1,7 Mb.
#106131
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Оқушы мен ұстаз іс әрекетінің жаңа сабақ типіндегі ұйымдастырылу ерекшеліктері
Дәстүрлі дидактика
Жаңа дидактика
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті
Бақылау сұрақтары
  • Дидактика дегеніміз не?
  • Дидактиканың мәні.
  • Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз.
  • Дидактиканың негізгі категорияларына немесе ұғымдарына анықтама беріңіз.
  • Дидактиканың заңдылықтарын атаңыз.

2.Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
Оқыту – қоғамдық қүбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады.
«Процесс» деген ұғым – бүл ілгері қарай қозғалыс, бір ізділік әрекеттің заңдылығын көрсететін түсінік. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс.
Оқыту – мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады.
Оқыту – таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуден білуге қарай ілгері қозғалыс болады.
Леонид Владимирович Занков(10 [23] .10.1901 — 27 .11.1977) — кеңес психологі. Дефектология, есте сақтау, педагогикалық психология саласындағы маман. Л.С.Выготскийдің шәкірті.Балалардың дамуының тәжірбиелі зерттеулерін жүргізген. Оқушылардың дамуы мен оқу факторларының мәселелерін қарастырған. Өзі аттас дамыта оқыту жүйесінің авторы. Л.В. Занков оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет дейді. Оқыту – дидактикалық процесс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет.
Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге басқанда, әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.
Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі- мотивтер. Мотивтер деп – белгілі әрекетке итермелейтін бағыттайтын себепті айтады. Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады. Бала жақсы оқу үшін – білімнің өмірге керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет.
Оқытудың міндеті – оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда ғылыми жаңалық ашпайды, ол бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген фактілерді, заңдылықтар мен қағидаларды ұғынады, өзінің күнделікті практикасында қолданады.
Оқыту – даму негізі. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С. Выготскийдің мына сөздерін еске алғн жөн. Жақсы окыту деп, ол – баланың дамуынан ілгері жұретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Л.С. Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күні дамуына керек деп ескертеді, осыған орай, ол – бала дамуының «екі зонасы» болатынын айтады. «Бірінші зона» – бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына («екінші зонаға») жеткізуге міндетті екендігін айтады.
Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен мұғалімніңөзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі әрекет. Себебі, оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Сонымен бірге, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай отырады.
Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жұзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет