Жоспары: Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары



бет4/9
Дата05.09.2023
өлшемі1,7 Mb.
#106131
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дидактика каз

Әлеуметтену

Платон,  «Софист» )
Білім беру
Оқыту
Тәрбиелеу
Оқу дегеніміз не?
Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірбие мәнінде қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдауу оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға мүмкіндік береді:
  • Оқу – білімнің сандық ұлғаюы ретінде.Онвң нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізі міндет – көп білу)
  • Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
  • Оқу ақпарат жинақтау ретінде.Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
  • Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Нәтижесі - әлемді өзгеше қырынан танып-білу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
  • Оқыту процесі дегеніміз не? Оқыту прцесінің екі жақты сипатын қалай түсінесіз.
  • Білім алу мен оқытудың мәніне және құрылымына сипаттама беріңіз.
  • Оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік қызметіне қысқаша сипаттама беріңіз.

3. Оқытудың әдістері,классификациясы
Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.
Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.
Дидактикалық мақсатына қарай оқыту әдістерінің екі тобы бөлінеді: оқу материалын бастапқы меңгертуге әсер ететін әдістер және алынған білімді бекітетін және жетілдіретін әдістер. Бірінші топқа жататындар: ақпараттық-дамытушылық әдістер /мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс/; оқытудың эвристикалық әдістері /эвристикалық әңгіме, зерттеушілік әдіс/. Екінші топқа жататындар: жаттығулар /үлгі бойынша, түсіндіріліп отыратын жаттығулар, вариативті жаттығулар т.б./.
Ю.К. Бабанскийдің классификациясы бойынша оқыту әдістері үлкен үш топқа бөлінген: оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың және жүзеге асырудың әдістері; оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандырудың және себептендірудің әдістері; қадағалаудың және өзін-өзі қадағалаудың әдістері.
Рецепция /қабылдау/ кезінде ақпараттың бүкіл көздері /сөз, көрнекілік және т.б./ қолданылады, баяндаудың логикасы индуктивтік және дедуктивтік жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Репродуктивтік (қайтадан айту) әдіс мынадай белгілерге ие:
  • оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады;
  • мұғалім білімді хабарлап қоймай, сонымен бірге оны түсіндіреді;
  • оқушылар білімді саналы меңгереді, оларды түсінеді және еске сақтайды. Меңгергеннің өлшемі – білімді дұрыс қайта айту /репродукциялау/ қажетті берік меңгергендік білімді көптеп қайталау жолымен қамтамасыз етіледі.

  • Бұл әдістің артықшылығы – үнемділігінде. Ол аз уақыттың ішінде көп көлемді білімді, іскерлік пен дағдыны оқушыларға бере алады. Дегенмен, репродуктивтік әдіс басқа оқыту әдістерімен ұштастырылғаны дұрыс.

Ауызша баяндау әдістеріне жататындар: баяндау /рассказ/, түсіндіру, әңгіме, дәріс, оқу пікірталасы.
Баяндау /рассказ/ оқытудың сөздік әдісі, ол бойынша оқу материалының мазмұны ауызша айтылған күйде беріледі. Баяндауға қойылатын педагогикалық талаптар: сабақ берудің идеялық адамгершілік бағытталғандығын қамтамасыз ету; хабарланатын ақпараттың дұрыстығы; қойвлатын, дәлелденетін жағдайлардың дұрыстығын дәлелдеу үшін жарқын көз жеткізетін мысалдарды, фактілерді келтіру; баяндаудың эмоционалдығы; баяндау тілінің жатықтығы және түсініктілігі, беріліп жатқан фактілерді, деректерді бағалауда өзінің тұрғысын, көзқарасын көрсету. Бұл әдістің функциясы – оқытушылық. Бұл әдіс көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылды. Мақсатына қарай баяндаудың бірнеше түрін бөледі: баяндау-кіріспе, баяндау – мазмұнын ашу, баяндау – қорытынды.
Түсіндіру – оқытудың сөздік әдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мәнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мәселенің, сұрақтың тұқ етерін дәл және анық қою, себеп-салдар байланыстарды, аргументацияны және дәлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сәйкес келтіру, аналогия тәсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету.
Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.
Әңгіме – диалогиялық оқыту әдісі, мұнда мұғалім мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы оқушыларды жаңа материалды түсінуге алып келеді немесе өткенді қалай меңгергендігін тексереді.Әңгіменің мынадай түрлері бар: эвристикалық әңгіме /мұғалім оқушылардағы бар білім мен тәжірибеге сүйене отырып, жаңа білімді меңгеруге және түсінуге ережелер мен қорытындыларды жасауға алып келеді/; хабарландыратын әңгіме /жаңа білімді хабарлау үшін/; бекітуші әңгіме / жаңа материалды оқығаннан кейін қолданады/; жеке әңгіме /сұрақтар бір оқушыға қойылады/; фронталдық әңгіме/ сұрақтар сыныптың бүкіл оқушыларына қойылады/.
Әңгіменің бір түрі - әңгімелесу (собеседование). Әңгіме оқушыны белсенді жағдайға қояды, олардың сөйлеуін және еске сақтауын дамытады, зор тәрбиелік мүмкіншіліктері бар.
Дәріс /лат.lectio - оқу/ теориялық сипаттағы оқу материалын мұғалімнің жүйелі, бірізділікпен, монологиялық баяндауы. Көбінесе жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында қолданылады. Дәрістік әдістің технологиясы мынадай: оқушыларға жоспарды хабарлау, конспектілеудің ерекшеліктерін көрсету, басты қорытындыны және жалпылауды, интонациялық бөлу және қайталау, риторикалық сұрақтар, иллюстративтік материалды көрсету, ішінара талқылау, сұрақтарға жауап беру, әдебиеттерге қысқаша шолу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет