1 Эмоция адамның турлі органикалық, қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы
1. Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыяыргы тұрақты процесс. Достық, адалдық сезімдері адамда бірден қалыптаса коймайтындығы белгілі. Бұларға жаллыламалық сипат тән. Мәселен, ата-ананы, атамекенді, Отанды сүю секілді патриоттық сезімдер.
2. Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады
2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
3. Эмоциялардың қызметін лимби жуйесі мен (ми бағанасының үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі (дененің зат алмасуын, температурасын реттестірстін нерв орталығы) басқарып отырады. Мәселен, осы нервтік орталықтарға зақым келсе адам тойғанын білмейтін немесе өмірде шөлі қанбайтын жағдайга ұшырайды
3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда, динамикалық стереотиптердің жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінін басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектік, эстетикалык, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кен жол ашылады
4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасындп кездеспейді
4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады. Мәселен, адамдардың жолдастық, адалдық, борыштық жауапкершшік сезімдері буржуазиялық қоғам өкілдерінің осындай сезімдеріне мазмұны жағынан қарма-қарсы бағытта келеді.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде - оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады.
Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан көрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды: құптамау, ұрсу, жазалаудан, әдетте, оқушыларға жағымсыз эмоциялық жағдай туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірбиелі мұғалім, тиісті әдепті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.
Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі ерекшеліктерін, негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Тереңірек қарастырсақ, бұл қарама-қарсылық ерекшелігінсіз эмоциялардың да болуы мүмкін емес. Сүйсіну не сүйсінбеу, ұнату не жек көру сезімі - мұның бәрі де адамның күнделікті мұқтаждығын, қажеттілігін канағаттандыру не қанағаттандырмау талаптарымен байланысты адамның қылықтары мен әрекетінде ұнамды не ұнамсыз қатынастарын білдіруі деп танылуы керек. Психологияда сезімдердің мұндай сапасын қарама-қарсы сапалықтар деп атайды. Мәселен, көңілдің күйлері - наразылық пен ризалык, шаттық пен кайғы, көңілдену мен қамығу, махаббат пен өшпенділік т.б. - қарама-қарсы сезімдер. Адамның сүйсіну не сүйсінбеу сезімі тек сыртқы әсерлерге ғана емес, кісінің даралық психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты
Кейіп - біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күйі. Өмір-тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып, оған қуанады не күйзеледі, ашуланады, бойын ыза кернейді, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Сонымен, кейіп дегеніміз - адамның белгілі объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы көңіл-күйі. Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге байланысты болады. Мәселен, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып реттеле бастаса, оның бойын куаныш кернеп, көңілі тасиды. Мұндайда шаттықтың лебі бірнеше күнге созылады. Ал біреудің дауыс көтеріп, қаттырақ айтқан сөзі, түксиюі, жек көрген интонациямен күлуі, ұнатпаған жымиюы сияқты болмашы себептер адамның көңілін жабырқатады, оның шарпуы, салдары көңілде дақ болып қала береді.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, онын, кейпі солғын болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық, көңілі кетеріңкі болса, адам мәз болып, жадырай түседі. Адамның кейпіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты факторлар да айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойынұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін меңгеріп, оған иелік етеді.