Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


СЕЗІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ САПАРЛАРЫ



бет3/11
Дата28.09.2022
өлшемі169,5 Kb.
#40689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
СЕЗІМНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ САПАРЛАРЫ
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін – «сезім» немесе «эмоция» деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз - "еңбек, оқу, ойын", оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім" дейміз, оны дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім", - деу қажет. Түйсік арқылы заттар мен кұбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға қатынасын керсетеді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңгы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық эсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, кажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет