Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЕЗІМДЕР



бет6/11
Дата28.09.2022
өлшемі169,5 Kb.
#40689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЕЗІМДЕР
Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін эстетикалык. талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардық оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген акыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Тандану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда акиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп калыптасатын жағдай.
Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты.
Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әреке-тімен байланысты. Сезімнін, бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген акыл-ой сезімі ен алдымен таңданудан басталады. Тандану кісіні әрбір нәрсенің, кұбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда акиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет