ЭМОЦИЯ. ЭМОЦИЯНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ «Эмоция» ұғымының төркіні - «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркендіру, толқу. Бұл - жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар эр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тэжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.
Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан - қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан - эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.
Эмоциялардың теориялық мэселелеріне Л.С.Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді.
П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көніл-күй, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналган эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сьңары болып табылады.
А.Г.Ковалев сезімдерге жеке түлганың нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат жэне жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция - сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер - нақты жағдайлардың жалпылану нэтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.
Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады:
а) жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;
ә) жаманға мойынсынбауы;
Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оның қоршаған адамдармен езара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық құндылықтар мен талаптарды меңгеруіне, мінез-құлықтың ережелерін меңгеруіне байланысты.
А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар өздерінің зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасу барысында баланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді деген қорытындыға келді.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен, қабылдаумен, киялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды жэне эмоционалды аймақты бөліп қарастыруда.
Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл білімдер эр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы құрылымдармен байланыса алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы біздің білімдерімізді толықтыра түсті. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі күні кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңцегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде