ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта айтқанда сезім, эмоция деп аталатын ұғымдар күнделікті тіршілікте жиі колданылып, түрлі мағынада айтылады.
Адам сезімінің қайнар бұлағы - бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не канағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық әдебисттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданылып жүр. Егер бұл ұғымдардың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінің арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз. Сонымен, сезім дегеніміз не?
Сезім адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі - оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны
қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп,
тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері - қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану; кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудыд мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қыска мерзімді уақытша көрініс. Эмоция - адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бей-берекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамнын, әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның кысқа мерзімді айқын керінісі - эмоция - жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс.