Жоспары I. Кіріспе


Психологияның басқа ғылымдармен байланысы



бет3/5
Дата17.03.2023
өлшемі21,14 Kb.
#75273
1   2   3   4   5
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы
Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарымқатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.


Психология ғылымы нені зерттейді?
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.


Психиканы материалистік және идеалистік жаймен ұғынудың айырмашылығы неде?
Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында. Психика – тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді. Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын, әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады.


Психология ғылымының қандай салалары бар?
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі үш бөлімін қарастырамыз: 1) психикалық процестер; 2) психикалық қасиеттер; 3)психикалық қалып.
1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;
2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет