Жоспары I. Кіріспе


Зерттеу әдістері дегеніміз не?



бет4/5
Дата17.03.2023
өлшемі21,14 Kb.
#75273
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоспары I. Кіріспе-melimde.com

Зерттеу әдістері дегеніміз не?
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.


Қосалқы зерттеу әдістеріне нелер жатады?
Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін, әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жӛн. Не болса сол туралы әңгіме жүргізе бермей, керекті мәселелер, жағдайлар туралы әңгіме жүргізу керек. Әңгімелескенде балаларға түрлі сұрақтар қойып, олардың түрлі заттар, болмыстар туралы түсініктерін, ұғымдарын, неге қызығатынын, білімінің кӛлемін, тұрақтылығын, тереңдігін және т.б. білуге мүмкіншілік бар.


Қабылдаудың және сезудің бұзылуы?
Көру, есту тактильды сезудегі сенсорлық және гностикалық бұзылулар арқылы анықталатын агнозияның түрлерімен таныстыру. Апперцепция – бұл қабылдаудың адамның өткен тәжірибесінде тәуелділігі. Қабылдау – заттардың сезім органдарына тікелей әсер етуіндегі адамның елестетуі немесе құбылыс. Қабылдау иллюзиялары – тұрақты мінездерге қатысты шындықтың жойылуы. Психиатрия – (жан, ем) клиникалық пән ретінде психикалық ауруларды профилактикалау, емдеу, аурулардың клиникасы, өтуі, пайда болу механизмдерін анықтайды. Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден арынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады.
Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, әдетте, нақты түйсінуден дербестеніп, дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұрынғы қорытындыға келу біршама уақыт күтуін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет