Психология адам тану жайындағы ғылымдар арасындағы жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат – мүддесімен байланысты
|
Адамның психологиялық дара өзгешіліктерін, психикалық процестердің анық – қанығын айқындау үшін ХІХ ғасырдың орта кезеңінен бергі тәжірбиелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп аталады.
|
Психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт - бұл пәннің дербестігі. Пәннің дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр - сипаттарын даралап іздестіруді қажет етеді.
|