Жоспары: Кіріспе: Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазған- Қанипа Бітібаева. Негізгі бөлім: Қанипа Бітібаева еңбектері. «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары»



бет4/4
Дата12.10.2022
өлшемі26,62 Kb.
#42688
1   2   3   4
Байланысты:
«Абай жолын» оқыту әдістері

Қорытынды:
Қанипа Омарғалиқызының әр туындысының мазмұны, құрылымы, маңызы, көркемдік – эстетикалық құндылығы жағынан қазақ әдебиетін оқытуға, отандық педагогика ғылымына қосқан үлесі, жаңалығы орасан зор. Бір ғана «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» әдістемелік құралының өзінде тереңдетіп оқыту оқытылатын шығармалар санының көптігімен емес, оқушының икем – дағдысының дамуы, өзіндік пікір айтуға, әдеби таласқа қалыптасуы, тілінің шебер де шешен болуы мен шығармашылық әлеуетінің артуы арқылы жүзеге асатындығын ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеді. Сонымен қатар ұлттық сөз өнерін оқытуда жаңаша көзқарас пен әрекеттің қажеттілігін, пәндерді интеграциялап оқыту идеясын негіздей отырып, нәтижені функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттауды ұсынды. Сондықтан да Қанипа Омарғалиқызының шығармашылығы жаңашылдығы мен өзектілігін ешқашанда жоғалтпайтындығына сенімдімін.Майталман мұғалім ұлт мақтаныштарын ұлықтау жолында ащы терін аямай төгіп, көз майын тауысқаны рас. Ол ежелгі дәуір әдебиетінен бастап, қазіргі кезең әдебиетінің ірі өкілдері – И.Сапарбай, Иран-Ғайып, Н.Ора­залин, Т.Әбдікәкімов, Ұ.Ес­дәу­летов, Е.Раушанов сынды ақын­­­дардың шығармашылығын оқы­тудың оқу-әдістемелік бағдар­ламасын әзірледі. Ұлағатты ұс­таз­дың есімін ұлықтау, өш­кенін жан­дыру, мұрасын насихаттау жо­лында енді біз, тірілер, тер тө­гуіміз шарт.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. – Алматы: Мектеп, 2003. – 232 б.
2. Дайырова Ә.М. Абай тағлымы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 1995.
3. Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармашылығын оқыту. – Өскемен: Полиграфия, 1994
4. Картаева А. Абай шығармашылығын Қ.Бітібаеваның оқыту технологиясы. “Қазақ әдебиеті – тұлғаның рухани дамуының бастауы” атты халықар. ғыл-тәж. конф. матер. Алматы, 2005. Б. 113-116.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет