Жоспары: Кіріспе: Абай шығармашылығын оқытуды тұңғыш рет арнайы жазған- Қанипа Бітібаева. Негізгі бөлім: Қанипа Бітібаева еңбектері. «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары»



бет2/4
Дата12.10.2022
өлшемі26,62 Kb.
#42688
1   2   3   4
2. Қанипа Бітібаева еңбектері. «Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» (А,«Мектеп»), «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» (А, «Мектеп»), «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы» (Өскемен, 2002), «Мектепте Абай шығармаларын оқыту» (Өскемен,1994) еңбектері тұлғаның руханилығын байытуда маған және барша ұстаздар қауымына зор көмек болып отырған әдістемелік құралдар. Қ.Бітібаеваның инновациялық іс-тәжірибесі қазіргі таңда әдебиетті оқытудың бағдаршамы болып отырғаны қуантарлық жәйт. Қ. Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты оқу құралында: «... әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.... Бұл пән жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге, бүкіл адамзатты сүюге дейін жетелейді. Әдебиет пәнінің алдында тұрған осындай қасиетті мақсат ең алдымен сабақ процесінде, оның әр тақырыбында жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан әр сабақты, яғни әр сабаққа бөлінген 45 минутты тиімді етіп ұйымдастыра білу ісі мұғалімнен ерекше творчестволық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді», - дейді.
2.1 Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сонау бағзы замандағы қазақ халқын әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – Қазақстанды әлемдегі дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді. Абай – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ірі тұлғасы.Ұлттық идея, ұлт тағдыры, ел тәуелсіздігі, елдің елдігі – бүгінгі қазақ әдебиетінің өзекті арнасына, алтын арқауына айналып отыр. Халқымыздың рухани байлығының шешуші саласы – қазақ әдебиеті өткен ХХ ғасыр бойы ірілеп өрлеп өсіп, дүние жүзіне танылды.
Қ. Бітібаева өзі ұстаздық ететін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Абайтану» пәнінен студенттерге дәріс оқиды. 2012 оқу жылынан бастап университеттің бірнеше мамандықтарына тұңғыш рет «Абайтану» пәнін енгізді. «Өрлеу» ШҚО бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тыңдаушыларына арналған Абайтану курсының бағдарламасын жасап, облыстың түкпір-түкпірінен келетін мұғалімдерге Абайтану курсынан дәріс оқиды.
Әлемдік ойдың данасы, қазақ халқының ұлттық мақтанышы Абайды тану, терең түсіну – адамзат баласының қолы оңай жете бермейтін рухани биіктікке алып барар сара жол. Абай туралы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», — деген . Бұл сөз барлық қазақ баласының көкейінде тұруға тиісті қасиетті қағидаға айналуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет