Жоспары: Курстың мақсаты, міндеттері



бет16/21
Дата14.02.2022
өлшемі429 Kb.
#25524
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ДӘРІСТЕР

Түзету технологиялары: арттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінез-құлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика.

Егер мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының статистикалық мониторингіне сүйеніп, технологиялық ықпал ету қарқындылығына қажетті түзетулер енгізілсе, әрбір балаға жекелей оқыту қамтамасыз етілсе, мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен ата-аналарда оң мотивация қалыптасатын болса, мектепке дейінгі ұйым жұмысында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтер мен ата-аналарда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құндылық бағдарын қалыптастырады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау іс-әрекетінің негізгі бағдарына мыналарды жатқызуға болады:

Балалардың тіршілік әрекетіне санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп пен гигиеналық жағдайларды жасауды ұйымдастыру;

тамақтануды ұйымдастыру;

балалардың бөбекжайда болу кезіндегі олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

балалар мен қызметкерлерге емдеу – профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру;

балаларға жеке жүргізілетін дене тәрбиесі.

Сонымен, кез келген педагогикалық іс-әрекетті әрбір баланың денсаулық жағдайы туралы және дене дамуының деңгейі туралы ақпарат алынғаннан кейін ғана бастаған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет