Жоспары: Курстың мақсаты, міндеттері



бет19/21
Дата14.02.2022
өлшемі429 Kb.
#25524
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ДӘРІСТЕР

Қатысушылар санына қарай: жеке, жұппен, топпен.

Ұзақтығына қарай:қысқа, орта және ұзақ мерзімдік.

Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.

Тақырып бойынша:баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б

Ынтымақтастық педагогикасы білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, балалармен, ата-аналармен қарым-қатынасты, т.б. көптеген жағдайларды қамтитын педагогикалық катынас. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде инновациялық педагогикалық әрекет ретінде инклюзивті білім  кеңістігін қалыптастырудың мынадай формалаларын басшылыққа алып жұмыстану қажет:

Ертегі тыңдау немесе рольдер арқылы сомдау;

Халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А.Байтұрсынов «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі». Ертегінің керек орындары:

Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе;

бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі келтіреді.

Ертегі баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.


  • Саяхат ұйымдастырылған оқу қызметтері (театр, мұражай, саябақтарға);

  • «Сурет үйі» терапиясы (изотерапя) (балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, қарым қатынас қабілетін, тілін дамыту бағытында);

Осы мақсатта баланы суреттерге сүйене әңгімелеуге үйрету бірнеше кезеңнен тұрады:

Сәбилер тобында балаларды сурет қарауға дайындау кезеңі ұйымдастырылды. Бұл кезеңдегі мақсат – балалардың сөздік қорын және барлық балалармен қарым-қатынасқа түсуін бақылау. Жеке заттардың суреттерін қарастыру арқылы балалар сөйлеуге белсенді араласады, суретпен танысу тәртібіне жаттығады.

Ортаңғы тобында зат топтамалары бойынша сипаттама, мазмұнды сурет бойынша мазмұнды әңгімелер құрату ұйымдастырылады. Бұл әңгіме түрлерінде әңгімені бала алдымен тәрбиешінің көмегі арқылы, кейіннен өз қабілеті арқылы құрастырады.

Ересектер тобында балалардың ойлау, елестету қабілеттері артуына орай, олар өздігінен, тәрбиеші көмегінсіз сипаттама, салыстырма әңгімелер құрау кезеңі басталады. Балалар баяндау формасында ойша әңгіме сюжетін құрайды, сурет бойынша сюжеттің басталуын және аяқталуын ойдан шығарады.

 

Сурет №4


Жалпы мектепке дейінгі ұйымдағы негізгі жұмыс бағыттарымен бірге балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда да терапиялардың мүмкіндіктерін қолдануға болады:

Музыкатерапиясы – есту анализаторлар арқылы эмоционалдық сфераға әсер етеді. Бұл арқылы ес, зейін, образдық ойлау, ассоциация қалыптасады.

Би терапиясы – музыка ырғағымен қимылдау, баланың қозғалыс аппаратын нығайтады. Бұл өз кезегінде баланың жалпы моторикасын және ырғақты сезінуін, өз денесінде бағдарлай алуын дамытады.

Библиотерапия – кітаптар оқып беру арқылы баланың тілін, образдық ойлауын, қиялын, зейінін, есте сақтауын дамыту.

Бұл дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің  мүмкіндігін кеңейтіп, оқу материалын игертуді жеңілдетіп, балалардың зейіні мен қабылдауын белсендіреді. Презентацияларда қолданған оқу қызметтері балалардың қызығушылығын арттырып, оқу материалын ұзақ есте сақтауға септігін тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет