Жоспары: Курстың мақсаты, міндеттері


Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар



бет13/21
Дата14.02.2022
өлшемі429 Kb.
#25524
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
ДӘРІСТЕР

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үдерісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты тандауға мүмкіндік жасай алатын жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа ақпараттық технологиялармен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандандырылған немесе бейімдендірілген компьютерлік бағдарламаларды қолдану ұсынылады. Оларды қолдану тиімділігі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен жаңа мүмкіндіктерді қолдану дағдысына байланысты. Сондай-ақ мұғалімнің жаңа инновациялық технологияларды енгізуде балалардың мотивациясын арттырып, психологиялық қолайлы жағдайлар туғыза білуі шарт.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылуда, білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуда:


  • білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;

  • балалардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;

  • оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;

  • қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;

  • білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:

  • Дәстүрлі оқыту үдерісі мен білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

  • Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;

  • Мүгедек балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек бөбекжайдағы балалар ғана емес сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Сол себепті дамуында ауытқуы бар балалар үшін ҰОҚ барысында IT құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр.             Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.

Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.

Ұйымдастырылған оқу қызметтерде интерактивті мультимедиалық презентацияларды қолдану (балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамыту);
Мультимедиа мәтін, дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді технологияларды біріктіреді. Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі анализаторларды іске қосады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үдерісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтамасыз етеді, баланы ерте дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады, тілдік құзыреттілігінің негізін қалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет