Жоспары: Курстың мақсаты, міндеттері



бет20/21
Дата14.02.2022
өлшемі429 Kb.
#25524
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ДӘРІСТЕР

Монтессори технологиясы. Монтессори әдісінің негізгі ерекшелігі: Дәстүрлі балабақшаларда бала тұлғасына ерекшелікпен қарау, баланың жеке басын қайталанбайтын тұлға ретінде сыйлау, қоршаған ортаны танудағы өзіндік тәсілдері мен даму жоспарларымен ерекшеленеді.

Әдістің негізгі идеясы:

Баланың өзін алға талпынуға, дамуға жетелеу, ынталандыру, баланы психологиялық қажеттілігіне сәйкес нақты логикалық қисынды құра білетін, дайын ортаға орналастыру.



Күтілетін нәтиже:

Монтессори технологиясының теориясын меңгереді, тәжірибеде жүзеге асыруға ықпал етеді;

Монтессори-педагог баланың дамуына бағытталған заттық-кеңістік ортаны жасайды;

Ата-анамен байланысты нығайтады;

Баланың өздігінен еркін дамуға ықпал етеді;

Педагогтің жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.

Балалардың ұсақ-қол моторикасын дамытуда жаттығу құрылғыларымен жұмысты қолдануға болады. Бөбекжайда үлкен қаржыны талап етпейтін бірақ балаларға көмектесуге деген ниет пен қиялды қажет ететін түрлі бұйымдар жасап, жұмыстанудамыз (жұмсақ сенсорика, батырмадан, түймелерден, жапсырмалардан, сырмалардан)

Олардың көмегімен түрлі түзету міндеттерін шешуге болады:

Жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру;

әрекетке деген қызығушылық пен түрткіні қалыптастыру;

заттар туралы түсінік қалыптастыру: заттардың сыртқы сапасына қарай отырып, онымен қатынас орнату, заттардың сапалық белгілерімен танысу (жұмсақ, қатты).

Заттарды белгілері мен сапалары бойынша салыстыру (көз өлшемін дамыту), заттарды көре отырып бағдарлай алу (сондай), (ондай емес), (әртүрлі), (бірдей).

Сенсорлық эталондармен танысу, заттардың әртүрлі сапаларымен танысу: көлемі (үлкен, кішкентай, бірдей), заттардың формасы: (дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты), заттарды түсі, формасы, өлшемі бойынша кезектестіре білу.

Қолдың ұсақ маторикасын дамыту: заттармен әрекет ете алу дағдысын қалыптастыру (ашу, жабу, бұрау).

Тапсырмаларды бірігіп орындау дағдысын қалыптастыру: мәдениетті қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, тапсырманы түсіну мен дұрыс орындау дағдысын дамыту.

Баланың сөздік қорын белсендіруді дамыту: суретке қарай отырып, ондағы бейнеленген заттарды айта алу дағдысын дамыту, дыбыстарды дұрыс айту дағдысын дамыту, сурет бойынша шағын әңгіме құрастыруға үйрету.

Көріп қабылдау әрекетін дамыту.

Көрнекі әрекеттік, образдық ойлауды, есте сақтауды, қиялды дамыту.

Сенсорлық моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.Сенсорлық маториканы дамытуды түрлі ұйымдастырылған оқу қызметтерімен (қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру, сауат ашу, қоршаған ортамен таныстыру) байланыстырып өткізуге болады.

Инклюзивті білім беру арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы баланың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту үдерісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .

Сондай-ақ инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмас еді.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет