Жоспары: Курстың мақсаты, міндеттері


Дәріс №9 Дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім беруде құзіретті маман даярлау мәселелері



бет10/21
Дата14.02.2022
өлшемі429 Kb.
#25524
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
ДӘРІСТЕР

Дәріс №9
Дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім беруде құзіретті маман даярлау мәселелері
Дәріс жоспары:


  1. Заманауи тәрбиеші

  2. Инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік педагогтың,психологтың,дефектолог маманның ролі

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға бірдей білім беру орталықтарына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.


Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико­педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру,әлеуметтік,медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету қарастырылған.Ең бастысы,аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды.2002­2003 жылдары педагогтардың 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007­2008 жылдары қарсылық білдірушілер саны 49 пайыз болған. Бүгінгі таңда бұл жүйені педагогтар қауымы толықтай қолдауда. Бұл инклюзивті білім берудің дамып келе жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп.Солардың бірі – инклюзивті білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтарды дайындау. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ­ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу керек.

Мемлекетіміз алғашқы қадам жасай отырып, Мемлекетік білім беруді дамытудың 2010­ 2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамытуды қосқан болатын. Бірақ біздің елімізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Себебі қаншама айтсақ та, барлық мүгедек балаларды бірден партаға отырғызып, оқытып алып кету мүмкін емес.

Сондықтан бұл жүйені мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру кабинеттерін

ашудан бастап, біртіндеп кеңейте түсу қолға алынуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады.Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:




  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

  • түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

  • мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог­дефектологтардың, балаларды

психологиялық­педагогикалық сүйемелдеудің,арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының негізгі құралы. Инклюзивті білім беру – сау балалармен бірге жалпы білім беру мектептерде немесе арнайы құрастырған топтарда, сыныптарда дамуда мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту .Инклюзивтің басты мақсаты­мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді.Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.Бүгінгі таңда іс­тәжірибе көрсетіп отырғандай, елімізге мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасын жасау қажет. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мекемелерде оқытылатындықтан, олар өзге балалардан бөлектенген.Бұл мекемелерде көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Қазақстанда қазір оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан олардың да дені сау екендігін түсіндіріп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу керек. Тек олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу бағдарламасына кіріктірген жөн.Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық реформа жүргізу керек. Мемлекеттік деңгейде мектептерге және мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа стандарттар енгізіліп, жүйе өзгертілгеннен соң ғана құрал­жабдықтар, ғимараттар бейімделеді.

2015 жылға дейін инклюзивтік білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивті білімге жағдай жасаған мектеп үлесін 30­ға жеткізу керек.Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз­өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата­ анасынан алшақтамай,яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып,жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.

Инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік педагогтың,психологтың,дефектолог маманның ролі ерекше.Бұл саладағы оқушылар ерекше назарда болады.Даму мүмкінділігі шектеулі балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет,ерекшелік бар.Мысалы:кейбіреулері би билеуге,спортқа,сурет салуға қызығады,осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту әлеуметтік педагог пен әрбір мұғалімнің міндеті. Инклюзивті білім беру ­ барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге,жынысына,шығу тегіне,дініне,жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,ата –аналарын белсенділікке шақыруға,баланың түзету – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау,қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру,яғни,жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған

мемлекеттік саясат. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда:



  • жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;

­ мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім
беру бағытындағы оқу бағдарламалары;

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.Инклюзивті оқыту ­ барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту­оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс­әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту­ адамдармен қарым­қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір­бірімен қарым­қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында облыстық оқу­әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 18 қаңтар күні «Қазақстанда инклюзивті білім беру» тақырыбында облыстық семинар өтті.Семинарға мектепке дейінгі,орта білім мекемелерінің педагог қызметкерлері мен қалалық,аудандық білім бөлімдерінің басшылары, әдіскерлері қатысты.Семинарды республикалық Түзету педагогикалық ұлттық ғылыми­практикалық орталығының әлеуметтік жұмыстар зертханасының меңгерушісі,педагогика ғылымының кандидаты,доцент Айдарбекова Ая Әділханқызы жүргізді. Ол инклюзивті білім берудің жетістіктері мен кемшіліктері, әдістері, субьектілері, нормативті­құқықтық базасы, принциптері, құндылықтары, инклюзивті мектептерде оң бағытты мәдениетті қалыптастыру,мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім қажеттілігі, педагогикалық түзету бағыты және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру шарттары туралы баяндама оқыды.Сонымен бірге мүгедек баланың қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін өз қадір­қасиетін қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмірге дені сау балалармен бірдей құқығы бар екенін семинар барысында түрлі дәлелдермен,видеороликтермен көрсете білді.Семинардан менің түйгенім: кемтар балалардың ата­анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық­педагогикалық түзеу кабинеттері мен сыныптарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге психологиялық­ медициналық­педагогикалық кеңесінің ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Жалпы мектептер мен балабақшалар психологиялық­ медициналық­педагогикалық кеңесінің қорытындысы бойынша көрсетілген,яғни,баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы (психолог,әлеуметтік педагог,олигофренолог,логопед) мұғалімдер болмаған жағдайда,тәрбиешілерді,бастауыш сыныптың мұғалімдерін,әртүрлі пән мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген, кемтар,мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курстарына оқытып алулары қажет. Облыстық,қалалық, аудандық білім беру бөлімдері республикалық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандарын шақыртып,келісім­шарт негізінде арнайы курстарды облыс орталығында да

ұйымдастыруға болады. Мектептер арнайы мұғалімдерге кемтар балалар аз болған жағдайда, жұмыс жасаған сағатына қарай ақша төлейді. Бұл екінші жағынан тәрбиеші, бастауыш сыныптардың және қазақ тілі мұғалімдеріне қосымша уақытша болса да табыс көзі. Көмекші бағдарламамен жалпы мектепте оқитындар, қатарларымен сыныптан сыныпқа көшіріліп 9 сыныпты бітіреді. Егер көмекші бағдарламаны толық игерген болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, онда анықтама берулері қажет.Кемтар балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды.Егер ата­анасы баласын арнайы мектеп интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектеп кемтар баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті. Қатарымен 9 класты бітіргесін, арнайы куәлік беріліп, кәсіптік­техникалық оқу орындарына жіберіледі.Бірақ кейінгі кезде жалпы инклюзивті білім беру тұрғысында кейбір түйткілді мәселелер бар екенін жасыруға болмайды. Солардың бірі – осы бағытта оқытатын педагогтардың жетіспеушілігі. Екіншіден, мүгедек балалардың барлығын бірден партаға отырғызып, оқытып кетудің мүмкін еместігі. Үшіншіден, оқытқанның өзінде көпшілік ата­аналар тарапынан кеңінен қолдау таппай отырғандығы. Өйткені, «неге менің дені сау балам мүгедек баламен сыныптас болуы керек?» деген теріс көзқарастың да бой көрсетіп қалатындығы. Бұл – қате түсінік. Неге десеңіз, ол бала мүгедек болға­ нымен, бас еркі өзіндегі азамат. Қайда, қай мектепте оқимын десе де хақы бар.Оларды ата­ аналары көмекші не арнаулы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық­ педагогикалық түзеу кабинеттері мен сыныптарға бергісі келмесе, жалпы балалар оқитын мектептерге жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Сондықтан, қазір бұл жүйе мектепке дейінгі мекемелерде де біртіндеп қолға алынуы тиісті. Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласындағы даму мүмкінділігі шектеулі балаларға арналған Аймақтық психологиялық­медициналық­педагогикалық концультация мемлекеттік мекемесінің арнайы балабақшасында мүмкіндігі шектеулі әртүрлі категориядағы 59 бүлдіршін тәрбиеленсе,арнайы мектебінде 123 бала білім алуда. Ал қаладағы 21 мектепте оқитын 61 даму мүмкінділігі шектеулі балалардың 46­сы арнайы сынып бағдарламасымен үйде оқыса,15­і дені сау балалармен қатар мектепте оқиды.Біздің қалада инклюзивті оқыту саласы әлі жолға қойылмаған.Бірақ жалпы білім беретін орта мектепте оқитын даму мүмкінділігі шектеулі 15 оқушы барлық балалармен бірдей тең дәрежеде оқып жүр.Олар мектепте тек білім алып қана қоймай, мектеп өмірінде болып жатқан қоғамдық жұмыстарға,түрлі байқаулар мен танымдық сайыстарға қатысуда.

Даму мүмкінділігі шектеулі балаларға жалпы білім беретін орта мектепте инклюзивті білім беру үшін алдымен төмендегі жағдайларды шешіп алған дұрыс:



  • мүмкіндігі шектеулі балалардың өзгелермен бірдей білім алуын толық қамтамасыз ету үшін арнайы педагог (психолог,әлеуметтік педагог,сурдопедагог,тифлопедагог,логопед) мамандар қажет;

  • облыстық, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері облыс орталығында Түзеу педагогикасының ұлттық­ғылыми практикалық орталығының және республикалық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандарын

шақыртып,келісім­шарт негізінде,тәрбиешілерді,бастауыш сыныптың мұғалімдерін,әртүрлі пән мұғалімдерін арнайы курстардан өткізуді ұйымдастыру керек; ­сабақтан тыс уақытта мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке­дара жұмыс жүргізетін бос оқу бөлмелері болса;

  • даму мүмкінділігі шектеулі балалармен сабақ барысында тренингтер,ойындар,жеке,топтық жұмыстар, сергіту сәттері жиі ұйымдастырылса;

  • бұл топтағы балаларды шығармашылыққа,яғни,сурет салуға,қолөнер бұйымдарын жасауға,ән айтып,би билеуге,ақындық өнерге баулуға және түрлі сайыстар мен байқауларға қатыстыруға мамандар тарапынан қолдау көрсету қажет;

  • дені сау балалар тарапынан ауру балаларға дөрекі қарым­қатынас,немқұрайлылық болмауын мұғалімдер қатаң бақылауға алуы тиіс;

  • жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау керек;




  • мектепті арнайы қажетті әдебиеттермен,көрнекілік­әдістемелік құралдармен,ақпараттық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету қажет;

  • облыстық,қалалық пікір алмасу,тәжірибе бөлісу семинарларын,шеберлік сыныптарын жиі өткізіп тұру керек.

Жалпы білім беретін мектептердің жанынан инклюзивті сыныптарды ашудың артықшылығы ­ онда даму мүмкінділігі шектеулі балалар өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінеді, үлкендермен, достарымен, ұстаздармен, жалпы айналамен қарым­қатынасы жақсарады, оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды уақытында жеңіп,сапалы білімге қол жеткізеді.

Негізгі әдебиеттер:


  1. Акимова М.К. и др. Индивидуальность учащегося и индивидуальный подход. М., 2000.




    1. Айджанова Д.К., Искакова А.Т. Пути сотрудничества в работе с детьми с особыми нуждами. – Алматы, 2003.

    2. Айджанова Д.К., Искакова А.Т.Вместе –мы лучше.­Алматы, 2003.




    1. Айджанова Д.К., Искакова А.Т.Из опыта работы.­ Алматы, 2003.

  1. Wolery,M.Включение детей с особыми потребностями в дошкольные учреждения.­ Вашингтон,1994.

  2. Включение исключенных. Соответствие разнообразию в образовании. Уганда и Румыния.­ Бухарест, 2001

  3. Государственная программа развития образования в Республике

Казахстан на 2005­2010 годы / Казахстанская правда. 16.10.2004.
8. Гончарова Е.Л., КукушинаО.И. Реабилитация средствами образования: особые потребности детей с выраженными нарушениями в развитии. Альманах Института Коррекционной Педагогики РАО, выпуск 1/2000.


  1. Даниелс, Е.,Стаффорд, К. Создание инклюзивных классов. Гл.4.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет