Жоспары: Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі. Адами ресурстардың құндылығы


Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру процесі



бет2/5
Дата17.12.2022
өлшемі33,97 Kb.
#57736
1   2   3   4   5
. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру процесі.
Қазіргі заманғы 12 жылдыққа өтудегі тәрбие жұмысының мәні – жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті меңгерген, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
- тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін дамыту;
- құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту;
- оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
- мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл мақсат, міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың жаңа әдістерін (технологиясын), жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін, денсаулық сақтаушы әдісін қолдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет. Осы әдістерді, технологияларды іске асыру нәтижесінде мектептің түлек тұлғасында төмендегідей жетістіктер қалыптасатын болады:
- оқушының жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады, оның қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артады;
- жеке ерекшеліктері ескерілген оқу-тәрбие берген нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығы игереді;
- өзін-өзі дамыту, өзін-өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі.
12 жылдық мерзіммен оқытатын тәрбие беру мазмұндағы әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген нәтижелер түріндегі құзіреттіліктер жиынтығы түзіледі. Ол құзыреттіліктер:

  • мәселені шешу құзыреттілігі;

  • ақпараттылық құзыреттілік;

  • коммункативтік құзыреттілік.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер осы тұрғыда болу керек. 12 жылдық оқытудағы тәрбие жүйесі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлін игеруге ықпал жасайды. Тұлғаны әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.


3. Адами ресурстардың құндылығы. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісімге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет