Синустық-жүрекшелік торапта серпін пайда болуының сиреуі мына жағдайларда байқалады:
1. Жүрекке парасимпатикалық нерв жүйесінің әсері күшейгенде дамиды. Бүндай жағдай бас сүйек ішінде қысым көтерілгенде, ми жарақатында, ісігінде, ми қабықтары қабынғанда, миға қан қүйылғанда т.б. кезбе нервтің орталығы қозуында байқалады.
2. Жүрекке симпатикалық-адреналиндік әсерлердің әлсіреуінен болады. Мұндай жағдай жоғары жүйке іс-әрекеттерінің бүзылыстарында, симпатикалық нерв жүйесінің орталығы орналасқан гипоталамустың құрылымдық бүлініс- терінде, симпатикалық нерв талшықтарының рецепторларының бұзылыстарында байқалады.
3. Әртүрлі физикалық, химиялық немесе биологиялық факторлардың синустық-жүрекшелік торабқа, тікелей бүліндіруші әсерлерінен болады. Мәселен, осы тораптың жарақаттануы, оған қан құйылуы синустық брадикардияның дамуына әкеледі.Сонымен бірге синустық-жүрекшелік торапқа улы заттар, өт қышқылдары, кейбір дәрі-дәрмектер (хинин, опиаттар, жүрек гликозидтері, холиномиметиктер т.б.) тежеуші эсер етеді.
Синустық аритмия
Синустық аритмия синустық-жүрекшелік торапта пайда болатын серпіндердің жиілігі өзгеріп тұруынан жүрек жиырылуының біресе жиілеуі, біресе сиреуі болады. Ол тыныс алумен байланысты өзгереді. Сондықтан, бұл аритмияны тыныстық аритмия деп атайды.
Мұндай аритмия жиі жас балаларда және жасөспірімдерде байқалады. Синустық аритмияның дамуы кезбе нервтің тонусының өзгеріп тұруынан болады. Ересек адамдарда мидың сыртқы қыртысының қызметімен кезбе нервтің тонусының өзгерістері теңгеріліп тұрады. Сондықтан бұл аритмия ересек адамдарда байқалмайды. Ал мидың сыртқы қыртысының қызметі бұзылғанда, наркоз, шок кездерінде синустық аритмия айқын дамиды және ол науқастың жағдайының ауырлауының нышаны болып есептеледі.