Синустық экстрасистолия — гетеротоптық ошақтың синустық-жүрекшелік түйіннің шеткі жасушаларында орналасуынан дамиды. Бұл кезде диастоланың қысқаруынан қарыншалар қанға толып үлгермегендіктен аз қанмен жиырылады да, экстрасистола кезінде тамырдың соғу толқыны бәсеңдейді.
Синустық экстрасистолия— гетеротоптық ошақтың синустық-жүрекшелік түйіннің шеткі жасушаларында орналасуынан дамиды. Бұл кезде диастоланың қысқаруынан қарыншалар қанға толып үлгермегендіктен аз қанмен жиырылады да, экстрасистола кезінде тамырдың соғу толқыны бәсеңдейді.
Жүрекшелік экстрасистолия- гетеротоптық ошақ жүрекшелердің әртүрлі бөліктерінде орналасуынан дамиды. Жүрекшелердегі қосымша ошақта пайда болған серпін екі бағытта қозғалады. Бірінші бағыт қалыпты өткізгіш жүйемен жүрек ұшына қарай қозғалып жүректің кезектен тыс жиырылуына әкеледі. Сонымен бірге серпін кері бағытта қозғалып синустық-жүрекшелік тораптағы қалыпты кезекті серпінді жояды. Сондықтан келесі кезекті серпіннің әсерінен дамитын жүрек жиырылуы біршама кешігіп дамиды.
Атрио-вентрикулалық экстрасистолияқосымша қозу ошағының жүрекше-қарынша аралық торапта орналасуынан дамиды.
Қарыншалық экстрасистолия қосымша қозу ошағы қарыншалардың қабырғаларында орналасуынан дамиды. Бұл ошақта пайда болған серпін тек қарыншаларға ғана тарайды.
Жүрекшелердің лүпілдеуі— олардың дұрыс ырғақпен өте жоғары жиілікте, диастолалық үзіліссіз, дәрменсіз жиырылулары. Бұл кезде жүрекшелер минутына 220—400 рет, қарыншалар 150—300 рет жиырылады, және ауыр қанайналым бұзылыстарына әкеледі.
Жүрекшелердің лүпілдеуі — олардың дұрыс ырғақпен өте жоғары жиілікте, диастолалық үзіліссіз, дәрменсіз жиырылулары. Бұл кезде жүрекшелер минутына 220—400 рет, қарыншалар 150—300 рет жиырылады, және ауыр қанайналым бұзылыстарына әкеледі.
Жүрек жыпылығы немесе фибрилляциясы - жүрек жиырылулары минутына 400—600 ретке дейін жетуі. Жүрек фибрилляциясы ет талшықтарының жекелеген топтарының бірікпей жиырылуларымен көрінеді. Жүрек еті тұтасып жиырылмайды да, жүрек қан айдауға қатыспайды.