Жүрек ырғағы бұзылыстары патофизиялогиясы, жас балалардағы ерекшелігі


Жыпылық аритмияға жүрекшелердің жыпылығы және қарыншалардың жыпылығы жатады



бет5/5
Дата09.02.2023
өлшемі3,71 Mb.
#66455
1   2   3   4   5
Байланысты:
130216.pptx

Жыпылық аритмияға жүрекшелердің жыпылығы және қарыншалардың жыпылығы жатады.

  • Жыпылық аритмияға жүрекшелердің жыпылығы және қарыншалардың жыпылығы жатады.
  • Жүрекшенің жыпылығы кезінде жүрекше-қарынша аралық түйін арқылы жүрекшелерден қарыншаларға серпіндердің көпшілігі өтпейді. Сондықтан қарыншалар сирегірек жиырылады. Мұндай жағдайда науқас тіршілігін біршама уақыт сақтап қалады.
  • Қарыншалардың жыпылығы өте ауыр өтеді. Бұл кезде жүректің насостық қызметі мүлде тоқтайды, сөйтіп адамның тез жан тапсыруына әкеледі.

Аритмия патогенезі

  • Жүрек аритмияларының дамуында жүрек жасушаларында нервтік-гуморалдық реттеудің және зат алмасудың өзгерістері маңызды. Эмоциялық стресстік жағдайларда аритмиялар дамиды.

Кардиомиоциттердің мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза ферменттерінің артық әсерленуі олардың бүліністеріне әкеліп, жүрек жасушаларында иондық алмасуды бұзады, катехоламиндерге олардың қозымдылығын жоғарылатады, зат алмасу процестерін өзгертеді. Осыдан жасуша ішінен К+-иондары көптеп сыртына шығады, аденилатциклаза ферменті белсенденіп, жасуша ішінде цАМФ көбейеді, Na+, Са2 иондары өзекшелермен жүрек жасушаларының ішіне түседі. Жасушаның сыртына К+- иондарының шығуы май қышқылдарының гидроасқын тотықтырады.

  • Кардиомиоциттердің мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза ферменттерінің артық әсерленуі олардың бүліністеріне әкеліп, жүрек жасушаларында иондық алмасуды бұзады, катехоламиндерге олардың қозымдылығын жоғарылатады, зат алмасу процестерін өзгертеді. Осыдан жасуша ішінен К+-иондары көптеп сыртына шығады, аденилатциклаза ферменті белсенденіп, жасуша ішінде цАМФ көбейеді, Na+, Са2 иондары өзекшелермен жүрек жасушаларының ішіне түседі. Жасушаның сыртына К+- иондарының шығуы май қышқылдарының гидроасқын тотықтырады.

Жүрек аритмияларын емдеу негіздері.

  • 1. Жасуша мембраналары арқылы натрий, калий иондарының жүрек жасушаларына артық енуін тежегіш дәрі-дәрмектер (новокаинамид, хинидин, т.б.) қолдану;
  • 2. Бета-адренорецепторлардың тежегіштерін (обзидан ж. б.) пайдалану;
  • Кардиомиоциттердің мембраналарындағы кальцийдің шабан өзекшелерінің тежегіштерін енгізу;
  • Май қышқылдарының асқын тотығуын ескертетін антиоксиданттар мен фосфолипаза ферменттерінің белсен- ділігін төмендететін дәрі-дәрмектер қолданылуы қажет.
  • Жүрек аритмияларын алдын-ала ескерту үшін жүрек етін физикалық күштенулерге үдайы шынықтырудың маңызы үлкен.

Қорытынды

Сонымен жүректе көптеген қосымша қозу ошақтары пайда болуынан және өткізгіштіктің өзгерістерінен жүрек ет жасушалары әртүрлі жағдайларда болады. Бір жасушалар толық рефрактерлік (қозымсыздық) жағдайда болса, екіншілері —салыстырмалы қозымсыздық, үшіншілері — қалыпты қозымдылық, төртіншілері — жоғары қозымдылық жағдайларында болады. Осы себептен жүрек жыпылығын емдеу үшін кардиомиоциттердің барлығын бір жағдайға келтіру қажет. Ол үшін жүрек арқылы қуатты электр ағынын өткізу негізінде дефибрилляция өдісі қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет