Жүректің органикалық бұзылыстары: кардиосклероз, ИМ, миокардит, ревматизм.
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусының өзгерістері: невроздар, ми ісіктері, медикаментозды терапияның салдары:жүрек гликозидтерінің мөлшерден тыс
дозасы, антиаритмиялық заттардың мөлшерден тыс дозасы.
3) Электролитті бұзылыстар: гиперкалиемия.
Синоатриальді тосқауыл
Бұл кезде Т клеткалардың функциясы бұзылады. Синустық түйіннен жүрекшелерге өткізгіштік бұзылады. Оның 3 дәрежесі бар:
1 - дәрежесі - импульстің өтуінің баяулауы.
2 – дәрежесі –толық емес өткізу, импульстердің бөлігінің түсіп қалуы.
3 – дәрежесі – өткізгіштіктің толық тосқауылы.
Клиникасы
Бір импульс жоғалса жүрек тоқтауы, егер бірнеше импульс жоғалса бас айналу. 6 – 8 импульс жоғалатын болса Морганьи – Эдамс – Стокс(естен тану). ЭКГ-да барлық жүректік комплекс болмайды. Р, T, Q, R, S жоқ, олардың орнына ұзақ пауза пайда болады. Жиі сырғанаушы, араластырушы комплекстер көрінеді: ұзақ пауза кезінде көмекке меншікті импульс пайда болады(атриовентрикулярлы түйін көмектеседі). Ол кезде Р тісшесі болмайды. Аускультация кезінде жүректің қатты жиырылуынан қатты тон естіледі.
Атриовентрикулярлы тосқауыл.
АВ түйін 3 бөлімнен тұрады:
1)меншікті АВ түйін
2)Гисс шоғыры
3)Гисс шоғырының аяқшалары
Жүрекшелерден қарыншаларға импульстің өтуінің баяулауы немесе тоқтауы жоғарыда аталған 3 бөлімнің біреуінің зақымдануының негізінде АВ түйіннің тосқауылы жатыр. Тосқауылдың 3 дәрежесін ажыратады:
1-дәрежесі - Жүрекше-қарыншалық өткізгіштіктің баяулауы. Қарыншаларға импульстер толық келеді, бірақ олардың жылдамдығы бәсеңдеген. Субъективті көріністер жоқ, ЭКГ да ғана өзгерістер бар: ритм дұрыс, бірақ РQ интервалы үлкейген. Қалыптыда 0,2 секунд.
2 –дәрежесі-Қарыншаларға барлық импульстер жетпейді, қарыншалар жекелеген импульстердің есебінен жиырылады.
3-дәрежесі – Толық көлденең тосқауыл. Қарыншаларға импульс толық келмеген соң қарыншаларда өзінің гетеротропты идиовентрикулярлы ритм ошағы пайда болады.