Өткізгіштіктің бұзылысынан жүрекшелердің бұлшықет талшықтарының хаотикалық жиырылуымен көрінетін жүрек ритмінің бұзылысы. Миокардтың органикалық бұзылыстарымен байланысты болуы мүмкін. Жыпылықтаушы аритмияға байланысты гемодинамика бұзылысы және тромбоэмболикалық асқынуы аурушылдықтың жоғарлауына және өлім – жітімнің көбеюіне әкеледі. Жыпылықтаушы аритмия – қарыншаүстілік тахиаритмияның түрі, жүрекшенің кардинирленбеген электрлік активтілігімен көрінетін жирылу функциясының бұзылысы. ЭКГ да басты көрінісі – қалыпты Р тісшелерінің тез осцилляциялық ығысуы немесе фибрилляциялық толқыны.
Жыпылықтаушы аритмия кезіндегі жүректің жағдайына байланысты ұстамалар әртүрлі өтуі мүмкін. Ұстама көбінесе кенеттен пайда болған жүрек соғысынан басталады. Егер қарыншалардың жиырылу жиілігі ұлғайса, онда жалпы әлсіздік, бас айналу, жартылай естен тану, кейде толық естен тану болуы мүмкін. Жыпылықтаушы аритмия жедел жүрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін, жүрек өз қызметін толық атқара алмайды, соның есебінен өкпе ісінуі пайда болады. Ең жиі кездесетін асқынуларына ишемиялық инсульт жатады – ми тіндерінің қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.